Новости и объявления
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда
28 августа, 10:08

ҚР Тәуелсіздік күніне орай, баспа және электронды БАҚ қызметкерлері арасында жарияланған жыл сайынғы «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда. «Үздік телевизиялық материал», «Үздік радиоматериал», «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала», «Ғаламтордағы үздік жарияланым», «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» сынды бес номинация бойынша кәсіби журналистер бағын жеке немесе топпен сынай алады.
Сайыс мемлекеттіліктің негізі ретінде Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке насихаттауды; халықаралық кеңістікте еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне ақпараттық-имидждік қолдау көрсетуді; баспа және электронды БАҚ қызметкерлерінің шығармашылық, кәсіби дамуына жағдай жасап, ынталандыруды; ел іші мен шекарадан тыс еңбек етіп жүрген журналистер қауымынан дарынды мамандарды табуды көздейді.
Халықаралық деңгейде биыл екінші рет жалауын көтерген жарысқа 2019 жылғы 10 қазан мен 2020 жылғы 10 қазан аралығында қазақ, орыс, ағылшын тілінде жарық көрген (эфирге, ғаламторға, баспасөзге алғаш жарияланған) материалдар қабылданады.
Әрбір номинацияда топ жарған жеңімпаздарға ақшалай жүлде мен диплом, төсбелгі табысталады.
Байқауға қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 20 қазанына (қоса алғанда) дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электронды поштасына «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауына деген белгімен қабылданады.
другие статьи
-
«Абайдың ұлы жұмбағы» атты деректі фильм
5 мая, 22:59 -
Алматы готов к 1 сентября - Сагинтаев
27 августа, 12:13 -
Изучаем казахский язык: бесплатные сайты и приложения
13 мая, 14:50 -
Первый в мире онлайн-айтыс
13 апреля, 13:18 -
В столице Турции открыли проспект и бюст Абая
30 декабря, 20:52 -
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ / ВРЕМЕНА ГОДА
4 апреля, 2:59