Новости и объявления
АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫ «APPLE» ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
7 сентября, 13:19
Домбыраның симмуляторын ойлап тапқан атыраулық оқушы «Apple» жүлдесін жеңіп алды
Домбыраның симмуляторын ойлап тапқан атыраулық оқушы «Apple» жүлдесін жеңіп алды
Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Асқар Әлмұхаметов әлемнің үздік жас өнертапқыштарының қатарын толықтырды. Apple компаниясы ұйымдастырған инновациялық жобалар байқауында атыраулық оқушы домбыраның симуляторын дайындады,
- Әйгілі Стив Джобс негізін қалаған Apple компаниясы бағдарламалаумен айналысатын жастарды ынталандыру үшін жыл сайын инновациялық жобалар байқауын өткізеді. Конкурстың шарты бойынша әуелі үздік жұмыстар іріктеледі. Одан соң компания өкілдері жобаның авторларымен байланысқа шығады. Мен бұл конкурсқа домбыра тартуды үйрететін симуляторды ұсындым. Симулятор Swift бағдарламалау тілімен жасалды, – дейді Асқар Әлмұхаметов.
Оның айтуынша үздік жеңімпаздар Apple компаниясы қаржыландырған білім грантына ие болады. Грант дарынды жастардың Сан-Франциско қаласындағы (АҚШ) Apple кеңсесінде тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Алайда әлемде орын алған пандемияға байланысты бұл жоспар кейінге қалдырылғаны белгілі болды.
Асқар Әлмұхаметов бірнеше республикалық және халықаралық деңгейдегі стартап конкурстардың жеңімпазы. Бұған дейін ол балалар үшін «Qulynym» мобильді қосымшасын жасап шығарған еді. Бұл қосымшада мектепке дейінгі балалар үшін қазақ тілді контент жинақталған. Осылайша Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы IT саласын жетік меңгеру арқылы ұлттық технология саласын жаңғыртуды көздейді.
другие статьи
-
Как идет подготовка алматинских школ к дистанционному обучению
19 августа, 15:42 -
Грамматика в схемах
30 ноября, 15:18 -
ЖЕТІ АТАСЫН БІЛМЕГЕН ЖЕТЕСIЗ...
2 октября, 9:50 -
Абай ілімі және бүгінгі қазақ философиясы
31 мая, 22:39 -
Сақтық бата
6 ноября, 13:03