Новости и объявления
"Birge Oqý" мектебі: байқауға қатысуға асығыңыз!
17 сентября, 19:13

Құрметті оқырмандар!
«Birge Oqý» қашықтан оқыту мектебіне мұғалімдер, үйлестірушілер және тьюторларды қабылдау жөніндегі байқауға қатысуға өтінімдер қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды.
Елбасы Академиясының «Birge Oqý» мектебі қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып қосымша білім беретін ұйым.
Мектептің мақсаты - сапалы білім беру және озық цифрлық білім беру ресурстарына және қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, мұғалімдер мен ата-аналарға әдістемелік қолдау көрсету.
Құжаттар 2020 жылдың 19 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім, тиісті профильдер бойынша жоғары арнайы педагогикалық немесе жоғары кәсіптік білім және/немесе ағылшын, қазақ, орыс тілдері, математика, физика, химия, биология, жаратылыстану пәндері бойынша халықаралық олимпиадаларда жүлдегер атану қажет.
Байқауға қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркеу формасын толтырып, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі;
Байланыс нөмірі: 87087552795 Айжан Аршабаева
Толық ақпаратты call-орталықтан 7170 телефоны арқылы алуға болады - қоңырау шалу тегін.
другие статьи
-
Ғибратты әңгімелер: "КІМ КІМНЕН ТАРАЙДЫ?"
3 октября, 22:14 -
Елтаңба бейнесі
16 декабря, 12:07 -
Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний
14 марта, 4:18 -
Ұлттық киімдер
1 октября, 11:58 -
Қазақ сөзі. 900 сөз
27 августа, 20:48 -
«АБАЙ ӘЛЕМІ» КІТАПТАР ТОПТАМАСЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТУДА
14 сентября, 10:55