Полезно знать
Национальные назидательные речи / Ұлағатты ұлттық ұғымдар
3 октября, 21:32Үш асыл: көз, тіл, көңіл.
Три жемчужины: глаза, язык, душевный настрой.
Үш артық: адалдық, енбексүйгіштік, өнерпаздық.
Три преимущества: честность, трудолюбивость, искустность
Үш билік: билік, дәулет, даналық.
Три власти: власть, достаток, мудрость.
Үш қуаныш: алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі.
Три радости: заслужитъ благодарность, когда ты нужен всем, если дело твое не забывается.
Үш ақиқат: қымбат - шындық, арзан - өтірік, дауасыз - кәрілік.
Три вероятности: дорогая правда, дешевая ложь, неотвратимая старость.
Үш байлық: бірінші байлық - денсаулық. Екінші байлық - ақ жаулық. Үшінші байлық - он саулық.
Три богатства: первое богатство - здоровье, второе - спутница жизни, третье - десять дойных.
Үш жұрт: өз жұрты (ағайыны), нағашы жұрты, қайын жұрты.
Три родственных уз: свои родственники (по линии отца), родственники по линии матери, родственники по линии жены.
Үш би: Үйсін Төле би, Арғын Қаздауысты Қазыбек би, Алшын Әйтеке би.
Три бия (вершители судов}: Толе би -Уйсын, Казбек би - Аргын, Айтеке би - Алшын.
Үш дауасыз: мінез, кәрілік, ажал.
Три неотвержимых: характер, старость, смерть.
Үш арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі арсыз.
Три неотвратимых: (в надионально-назидательном понятии – бесчестных): сон, еда, смех.
Үш жамандық: Нақақ қан төгу, кісі малын алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Три подлости: безвинное проливание крови, кража чужих животных, разбой над останками предков.
Төрт тұлға: от, су, жел, жер.
Четыре жизненно важных необходимости: огонь, вода, ветер, земля.
Төрт құбыла: Шығыс, Оңтүстік, Батыс, Солтүстік,
Четыре стороны: Восток, Юг, Запад, Север.
Төрт түлік пірлері: түйе пірі - Ойсыл қара. жылқы пірі - Қамбар ата. сиыр пірі - Зеңгі баба, қой пірі - Шопан ата, ешкі пірі - Шекшек ата.
Четыре величия животных: Величие верблюда - Ойсыл кара, величие лошади - Камбар ата, величие коровы - Зеңги баба, величие овцы - Чабан ата, величие козы – Шекшек ата.
Бес парыз: Құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау, намаз оқу, ораза тұту, қайыр садақа беру, қажылыққа бару.
Пять долга: признание единства Всевышнего и пророчество Мухаммеда; чтение намаза, держать уразу, отпускать подаяния, совершить хадж.
Бес асыл: талап, еңбек, ой, қанағат, рақым.
Пять жемчужин: талант, труд, мышление, довольствование, благородство.
Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ (ысырапшыл)
Пять неприятелей: сплетни, ложь, хвастовство, леность, разбазаривание скота (бесцельные расходы).
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз.
Пять опасностей: огонь, враг, долг, болезнь, слово.
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.
Пять вооружений: стрела, ружье, копье, сабля, топор.
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма.
Пять назиданий: не верь глупому, не преклоняйся перед врагом, будь бдителен, не ночуй в голодном доме, не бери подарка у бедняка.
Алты игілік: денсаулық, қазына, дос, әйел (жар), білім, бала (ұрпақ).
Шесть добра: здоровье, казна, друг, женщина (жена), знание, дитя (продолжение рода).
Алты парыз: адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар. Олар:
Әдейі барып бір-біріне сәлем беруі;
Арнайы шақырса, міндетті түрде баруы;
Егер кеңес сұраса, ақыл қосуы;
Қойылған сұраққа жауап беруі;
Аурудың көңілін сүрауы;
Қайтыс болса, жерлеуге қатысуы (Мұхамбет пайғамбар).
Шесть долга: у людей есть друг к другу шесть долгов.
Это:
Специальное хождение друг к другу с приветствием;
Обязательно посетить в случае специального приглашения;
Если просит совета, дать определенный совет;
Ответить на вопросы;
Спросить самочувствие больного;
В случае смерти участвовать на похоронах (пророк Мухаммед).
Алты асқар: ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейілділік
Шесть величин: ум, знание, щедрость, справедливость, правдивость, широта души.
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, жекжат.
Родственные узы до седьмого колена: отец, сын, внук, правнук, шопшек, немене, туажат.
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Семь казны: джигит, красивая жена, ум-знание, быстрый конь, орел, ружье-берен, быстрая охотничья собака.
Жеті жұт: құрғақшылық, жұт (мал ауруы), соғыс, өрт, жұқпалы аурулар (холера мен оба ауруы), топан су, зілзала (жер сілкінісі)
Семь бед: засуха, джут (массовый падеж животных), пожар, эпидемические болезни (холера, чума), война, потоп, землетрясение.
Жеті күн: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына - дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі (сәтті күн), бейсенбі, жұма (қасиетті күн), сенбі, жексенбі.
Семь дней: сегодня, завтра, послезавтра, за послезавтра, тяжелый день, последний день - понедельник, вторник, среда (день удачи), четверг, пятница (святой день), суббота, воскресенье.
Жеті жоқ:
Жерде өлшеуіш жоқ,
Аспанда тіреуіш жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада талақ жоқ,
Аллада бауыр жоқ,
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Семь не существующих:
Земля не соизмерима;
Небо не подпорима;
У камня нет корня;
Черепаха живет без трахеи;
У Всевышнего нет родственников;
У лебедя нет молока;
У лощади нет желчи.
Жеті жетім:
Тындамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім, -
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса - бәрінен де сол жетім.
Семь сирот:
Сирота - слово не услышанное.
Сирота - ткань не изношенная.
Сирота - земля бесхозная.
Сирота - народ без предводителя.
Сирота - озеро без гусей и лебедей.
Сирота - джигит, лишенный земли.
Сирота - из сирот тот, кто остался без ровесников.
Жеті жетекші:
Адамның басшысы - ақыл,
Жетекшісі - талап,
Жолаушысы - ой,
Жолдасы - кәсіп,
Қорғаны - сабыр,
Қорғаушысы - мінез,
Сынаушысы - халық. (Саққүлақ би).
Семь ведущих:
У человека руководящий - ум,
Ведущий - стремление, талант.
Сопровождающая - мысль.
Друг - ремесло.
Защита - спокойствие, сдержанность.
Защитник - характер. .
Испытатель - народ.
Есте сақтар жайт
Баянсыз болар бес нәрсе: бұлттың көлеңкесі баянсыз; еңбексіз келген байлық - баянсыз; қорқақтың достығы - баянсыз; жалған мадақ - баянсыз; опасыздың махаббаты - баянсыз.
Помни:
Отрицательных пять явлений: тень набежавших туч, богатство, доставшееся без труда, дружба труса, ложная хвала, любовь изменника.
Үш нәрсеге арқа сүйе:
өмірге арқа сүйемеген - өледі;
уақытқа арқа сүйемеген - өтеді;
жүрекке арқа сүйемеген - өзгереді.
Опирайся на три предмета:
Умрет тот, кто не надеется на жизнь.
Уйдет тот, кто не дорожит временем
Изменится тот, кто не доверяет сердцу своему
ҮШ САНЫНА БАЙЛАМДАР
Үш жуз Үш тәтті Үш қуат
Ұлы жүз, Жан, Ақыл,
Орта жүз, Мал, Жүрек,
Кіші жүз, Жар, Тіл.
ҮШ ЖҰРТ
Өз жұртың – күншіл,
Қайын жұртың – меншіл,
Нағашы жұртың – сыншыл.
ӨЗ ЖҰРТЫҢ –АҒАЙЫН
Бар болсаң – көре алмайды,
Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.
Жақсы болсаң – күндейді,
Жаман болсаң – жүндейді.
ҚАЙЫН ЖҰРТЫҢ
Қолыңның ұзындығына қарайды,
Жағаңның қызылдығына қарайды.
Берсең – жағасың,
Бермесең дауға қаласың.
НАҒАШЫ ЖҰРТЫҢ
Жақсылығыңа сүйенеді,
Жамандығыңа күйінеді.
Әрқашан тілеуіңді тілейді,
Тілеуқорлық ниеті билейді.
ҮШ ТОҚТАМ ҮШ ҚАСИЕТ
Ой, Өліде – аруақ,
Ақыл, Малда – кие,
Шешім. Аста – кепиет.
ҮШ ІЗ ҮШ ҒАЙЫП
Бала, Қонақ,
Байлық, Несібе,
Бақыт. Ажал.
ҮШ АЛЫС ҮШ АРСЫЗ
Жер мен көк аралығы, Күлкі,
Жас пен кәрі арасы, Ұйқы,
Жақсы мен жаман арасы. Тамақ.
ҮШ ТҰЛ ҮШ ДАУАСЫЗ
Қайратсыз – ашу, Тумақ-өлмек,
Тұрлаусыз – ғашық, Тағдыр,
Шәкіртсіз – ғалым. Кәрілік.
ҮШ КӨЗ
Бұлақ – су анасы,
Тұяқ – жол анасы,
Құлақ – сөз анасы.
ҮШ БАЙЛЫҚ
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
ҮШ ҚАЗЫНА
Ер қазынасы – жүрген із,
Ел қазынасы – көне көз,
Тіл қазынасы- ескі сөз.
ҮШ МАҚСАТ
Жазыламын деп ауру үмітті,
Байимын деп кедей үмітті,
Кетемін деп қыз үмітті.
ҮШ ҚАДІРЛІ
Ырыс, Бақ, Дәулет.
ҮШ ҚАДІРСІЗ
Жастық, Денсаулық, Жақсы жар.
ҮШ КЕМДІК
Атың жаман болса – жалғанның азабы,
Алғаның жаман болса – дүниенің тозағы,
Балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы.
ЖЕТІ САНЫНА БАЙЛАМДАР
ЖЕТІ ШӘРІП (ӘУЛИЕ) ЖЕТІ АТА ЖЕТІ ҰРПАҚ
Мекке, Бала, Әке,
Мәдина, Әке, Бала,
Бұқар, Ата, Немере,
Шам, Үлкен ата, Шөбере,
Қатым, Баба, Шөпшек,
Құдыс, Түп ата, Немене,
Құран. Тек ата. Туажат.
ЖЕТІ ҒАЛАМ ЖЕТІ ҚАТ КӨК ЖЕТІ ҚАТ ЖЕР
Күншығыс, Ай, Тұңғиық,
Күнбатыс, Күн, Жылан,
Түстік, Есекқырған Су,
Терістік, (Меркурий), Қос балық,
Аспан Шолпан, Қара тас,
(жоғары ғалам), Қызыл жұлдыз Көк өгіз,
Жер үсті (Марс), Жер.
(орта ғалам), Мүштәри
Жер асты (Юпитер),
(төменгі ғалам), Сатурн.
ЖЕТІ АМАЛ
Күннің тоқырауы – жазғы тоқырау – күн ұзаруының аяқталуы, маусым айының 21 жұлдызы. Қысқы тоқырау – күн қысқаруының аяқталуы, желтоқсан айының 22 жұлдызы.
Қарашаның қайтуы – қараша айы аяқталып, желтоқсанның кіруі.
Үркердің батуы – Үркер шоқжұлдызының мамыр айынан маусымның 10 жұлдызына дейін көкжиектен көрінбеуі.
Мұздың қатуы – мұздың қаймақшуы, қарашаның қары.
Киіктің матауы – киіктің үйірге түсуі, теке бұрқылдақ.
Қыс тоқсан – желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары.
Ай тоғамы – Үркер мен Айдың тұтас көрінер тоғысы.
ЖЕТІ ЖҰРТ ЖЕТІ ЫҚЫЛЫМ
Үрім, Үндістан (Машын),
Қырым, Түркістан (Тұран),
Қытай, Хорезм,
Тұран, Славян,
Шам, Мағұрып (Батыс),
Мысыр, Мәшүріп (Шығыс),
Шын-Машын. Үрім (Кіші Азия).
ЖЕТІ ӘЛІП ЖЕТІ КҮН
Ашпас әліп түсу, Бүгін – дүйсенбі,
Ақ бата алу, Ертең – сейсенбі,
Айтқаны келу, Бүрсігүні – сәрсенбі,
Айтқаны тию, Арғы күні – бейсенбі,
Алысқанын жығу, Ауыр күні – жұма,
Абыройы арту, Соңғы күн – сенбі,
Ақ көңіл, ниет. Азына – жексенбі.
ЖЕТІ МҮШЕ
БІРІНШІ НҰСҚА ЕКІНШІ НҰСҚА
Бас, Бас,
екі көз, екі қол,
екі қол, екі аяқ,
екі аяқ. кеуде, ағза.
ЕР ЖІГІТТІҢ ЖЕТІ ҚАСИЕТІ
қаны – атта,
қуаты – қыранды,
сенімі – тазыда,
сұсы – кездікте,
серті – қақпанда,
оты – мылтықта,
әдіс-айласы – ау жылымда.
ЖЕТІ ЖЕТЕКШІ
Адамның басшысы – ақыл,
жетекшісі – талап,
жолаушысы – ой,
жолдасы – кәсіп,
қорғаны – сабыр,
қорғаушысы – мінез,
сыншысы – халық.
ЖЕТІ ҚАЗЫНА
Бірінші нұсқа Екінші нұсқа
Ер жігіт, Жүйрік ат,
Сұлу жар, Алғыр бүркіт,
Ілім-білім, Қаққыр тазы,
Жүйрік ат, Алмас кездік,
Құмай тазы, Қанды ауыз қақпан,
Қыран бүркіт, Берен (қара) мылтық,
Түзу мылтық. Майланғыш ау (қыл тұзақ).
Үшінші нұсқа Төртінші нұсқа
Төрт түлік Төрт түлік
(төрт тірі қазына), (бәрі бір санда),
Ит, Ит,
Қазан, Қара мылтық,
Қара мылтық. Қазан,
Ұста дүкені,
Диірмен,
Сыпыра.
НАУРЫЗ ДАСТАРХАНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЖЕТЕУ
Қасиетті құран,
Шам,
Құрма,
Өрік,
Мейіз,
Жаңғақ.
ПАРСЫ ТІЛІНДЕ «С» ӘРПІМЕН БАСТАЛАТЫН ЖЕТІ ТҮРЛІ ТАҒАМ:
Сомақ – жүзімнің ұнтағы,
Сәбзе – бидайдың жас өркені,
Сенжед – жиде,
Серке – жүзімнің шырыны,
Секке – темір теңге,
Сир – сарымсақ,
Сиб – алма.
ЖЕТІ СУ
Бірінші нұсқа Екінші нұсқа Үшінші нұсқа
Лепсі, Лепсі, Лепсі,
Аякөз, Басқан, Басқан,
Іле, Сарқант, Қызылағаш,
Ақсу, Ақсу, Ақсу,
Бүйен, Бүйен, Бүйен,
Қаратал, Қаратал, Қаратал,
Көксу. Көксу. Көксу.
ЖЕТІ ҒАШЫҚ
Бірінші нұсқа Екінші нұсқа
Ләйлі-Мәжнүн, Ләйлі-Мәжнүн,
Жүсіп-Злиха, Қыз Жібек-Төлеген,
Фархад-Шырын, Қозыкөрпеш-Баян,
Тахир-Зухра, Еңлік-Кебек,
Бахрам-Күләнда, Бозжігіт-Қарашаш (Анула),
Арзу-Қамбар, Қалқаман-Мамыр,
Уәки-КүлшаҺ. Сейпілмәлік-Бәдігүл-Жамал.
ЖЕТІ ЖЕТІМ
Тыңдалмаған сөз, Иесіз жер,
Аққу-қазсыз көл, Басшысыз ел,
Киюсіз бөз, Жерінен айрылған ер,
Замандасы сиреген адам.
ЖЕТІ ЖОҚ ЖЕТІ ЖҰТ
Жерде өлшеуіш, Құрғақшылық,
Аспанда тіреуіш, Мал жұтауы,
Таста тамыр, Оба (індет),
Құста сүт, Өрт,
Жылқыда өт, Соғыс,
Тасбақада талақ, Сел (топан),
Аллада бауыр. Зілзала.
Аптада жеті күн бар. Наурыз көже жеті түрлі тағам араластырылып дайындалады.
Жеті – Қарақшы шоқжұлдызы аспан шырыақтарының атауы.
Өлген адамның аруағына бағышталып жеті шелпек пісіріліп, жетісі беріледі.
Садақа жеті тиын не жеті теңге (ертедегі ақша құнымен) аталып, жоқ-жетімдерге үлестіріледі.
ЖЕТІ ЖАРҒЫ
XYII ғасырдың соңы мен ХYIII ғасырдың бас кезінде «Тәуке хан заңы» аталған қазақтың байырғы әдет-ғұрып, салт-сана құқығының жинағы. Жеті жарғы құрамына қазақ халқының өмірінде жалпылай қолданылатын басты ережелер іріктеліп, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ру аралық дау, қылмыстық жауапкершілік, бала тәрбиесі, ұлт қауіпсіздігі мен билік, тағы басқа әлеуметтік проблемалар енген.
Қазақтың халық ақына Қазанғап Байболұлы «Төле бидің тарихы» дастанында «Жеті жарғының» жеті бабын былайша баяндайды.
Жер дауы баяндайтын біріншісі,
Ру, қоныс пен меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдық қып озбыр кісі.
Үй іші мен баланы тәрбиелеу
Болған жосын заңының екіншісі.
Ұрлық-қорлық, барымта үшіншісі,
Баян етер бәрін де білген кісі.
Төртінші боп саналған мынау заңы,
Бір халықпен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғаған – бесінші бұл,
Алтыншы, жетінші – құн дауы, жер дауы.
Жарғы мәтіні қазіргі ұрпаққа жазбаша түрде жетпеген. Ереже мазмұны ауызша жатталып, елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тараған. Жарғы заңдары құрметтелініп, қалың жұртшылық тарапынан мүлтіксіз орындалған.
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ
Қазақ халқы ғана емес, әлем халықтары да жеті санын қастерлеген. Біздің жыл санауымыздан үш ғасыр бұрын ұлы қолбасшы патша Александр Македонский (Ескендір Зұлхарнайын) Кіші және Орта Азияны, Египетті, Оңтүстік Индияны, т.б. елдерді жаулап алып, сол өңірлерде өзі көріп тамашалаған ерекше сәулет өнер үлгілеріне аса жоғары баға берген. Кейінгі заманда олар Әлемнің жеті кереметі атанған.
АЛҒАШҚЫ ЖЕТІ КЕРЕМЕТ
1. Египет пирамидасы. Біздің жыл санауымыздан 27 ғасыр бұрын салынған Египет патшаларының мазары. Пирамиданың ең биігі 146 метр.
2. Вавилонның аспалы бағы. Біздің жыл санауымыздан 6 ғасыр бұрын Вавилон патшасы әйелінің құрметіне арнап, Бақша стравелі тәсілінде биік сәкі үстіне салдырған.
3. Ертедегі Артемида храмы. Дүние жүзіндегі ең үлкен ғибадатхана. Біздің заманымыздан 4 ғасыр бұрын жойқын соғыс зардабынан қираған.
4. Олимпиадағы Зевстің мүсіні. Заманымыздан бұрынғы бесінші ғасырда ежелгі гректің асқан шебер мүсіншісі Фиди алтыннан және піл тістерінен жасалған.
5. Галикарнстағы Мавсол патшаның табытханасы. Заманымызлан 4 ғасыр бұрын салынған.
6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні. Биіктігі 45 метр.
7. Алексадрия маягі. Жыл санауымыздан 3 ғасыр бұрын тұрғызылған. Биіктігі 160 метр.
БЕСІНШІ ҒАСЫРДАН БЕРІ ТАНЫЛҒАН ЖЕТІ КЕРЕМЕТ
1. Рим колизейі. Жыл санауымыздың 70-72 жылдары салынған жазық беті сопақша, диамерті 188 метр, айнала сатылап жоғарылай беретін 3 қабат алаңда 50 мың көрермен отыратын орын.
2. Александрияда жер астында жол пішінінде қазылған мазарлар.
3. Қытайдың ұлы қорғаны. Жалпы ұзындығы 6700 шақырым.
4. Англиядағы алып тас қорғаны.
5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы. Сегіз қабатты мұнара жыл сайын қисая береді., бірақ құламайды.
6. Қытайдың Нәнжин қаласындағы фарфор мұнара. Он екі қабатты мұнара үшінші ғасырда салынып, 1850 жылы қиратылған.
7. Ыстамбұлдағы әулие София шіркеуі. 532-537 жылдары салынған, дүние жүзіндегі ең үлкен шіркеу.
XV ҒАСЫРҒА ДЕЙІН ХАЛЫҚТАР ҰҒЫМЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН ЖЕТІ ТЕҢІЗ
1. Жерорта теңізі, 2. Батыс Африка теңізі
3. Қызыл теңіз, 4. Парсы тңізі,
5. Шығыс АФрика теңізі, 6. Үнді теңізі,
7. Қытай теңізі.
ТАБИҒАТТЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ
1. Иорданиядағы өлі теңіз,
2. Гавайдағы жанартау,
3. Бермудтың ажал теңізі,
4. Шизаның мұзды алқабы,
5. Норвегияның түні,
6. Сахараның қызыл құмы,
7. Тунгус метеорит үңгірі.
ӘЛЕМДІК ЖЕТІ ЖҰМБАҚ
1. Материя мен күштің мәні (сущность материи и силы).
2. Қозғалыс басы (происхождение движения).
3. Тіршіліктің пайда болуы (происхождение жизни).
4. Табиғаттың үйлесімділігі (целесообразность природы).
5. Сезім мен сананың пайда болуы (возникновение ощущения и сознания).
6. Ойлау мен сөйлеудің пайда болуы (возникновение мышления и речи).
7. Адам еркі (свобода воли).
ҚАСТЕРЛІ «ЖЕТІ»-ЛЕР
1. Ай фазасы жеті күн сайын өзгереді.
2. Жарық жер шарын бір секуднта жеті рет айналып шығады.
3. Тіршілік көзі саналатын заттардың негізгі құраушысы – азот Менделеев кестесіндегі жетінші элемент.
4. Менделеев кестесіндегі элементтердің шекті валенттігі жетеу.
5. Күннен тараған жарықтың шұғыласы жеті түсті.
6. Атомдардың негізгі электрон қабаттары жетеу.
7. Адамның энергетикалық нүктелері жетеу.
8. Адамның денесі мен басын қосатын ең маңызды мүше – мойны омыртқа буындары жетеу.
9. Жаңа туған нәрестенің кіндігі жетінші күні түседі.
10. Қазақ жеті атасына дейін қыз алысып, қыз беріспейді.
другие статьи
-
«INTELLECTUALDY ULT» ЖОБАСЫ ҚАНДАЙ ЖОБА?
13 октября, 14:53 -
Как нам развить казахский язык?
18 мая, 18:55 -
22 книги выйдут в свет в рамках проекта «Абай әлемі» в Семее
25 апреля, 0:40 -
ЕЛІМІЗДЕГІ НЕГІЗГІ 17 НЫСАН
16 августа, 19:05 -
«АБАЙ ӘЛЕМІ» КІТАПТАР ТОПТАМАСЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТУДА
14 сентября, 10:55 -
«ӘЛІППЕНІҢ» ӘЛЕГІ
6 августа, 21:09