Пишем
Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний
3 марта, 3:58Сборники Рауля Керимбаева – это живая разговорная речь, они отличаются от от всех других сборников, в которых собраны стандартные фразы по различным темам.
Краткий русско-казахский сборник фраз и устойчивых словосочетаний
Раздел 1. "Работа"
У
| У Вас есть высшее образование? | Жоғары біліміңіз бар ма? |
| У Вас есть доказательства? | Дәлеліңіз бар ма? |
| У Вас есть конкретный план? | Нақты жоспарыңыз бар ма? |
| У Вас есть необходимые документы? | Керекті құжаттарыңыз бар ма? |
| У Вас есть опыт работы? - Да, у меня есть опыт работы - У меня мало опыта. - Нет, я работал в другой сфере. |
Сіздің тәжірибеңіз бар ма? - Иә, менің жұмыс тәжірибем бар. - Менің тәжірибем аз. - Жоқ, мен басқа салада істегенмін. |
| У вас есть парковка для автомобилей? | Сізде автокөлік қоятын орын бар ма? |
| У Вас есть рекомендательное письмо с прежней работы? | Бұрынғы жұмыс орныңыздан ұсыныс хатыңыз бар ма? |
| У Вас имеется трудовой договор? | Сізде еңбек шартыңыз бар ма? |
| У Вас на уме только деньги | Сіздің ойыңызда тек қана ақша! |
| У вас не возникнут никакие проблемы. | Сіздерде ешқандай қиындық тумайды. |
| У Вас недостаточно суммы для проведения этой операции. | Сіздің бұл операцияны жүзеге асыруға қаржыңыз жеткіліксіз. |
| У Вас нет лишнего билета? | Сізде артық билет жоқ па? |
| У всех нас бывают недостатки. | Барлығымыздың кемшілігіміз болады. |
| У всех нас одинаковые права. | Барлығымыздың құқығымыз бірдей. |
| У каждого есть свои особенности. | Әркімнің өз ерекшелігі бар. |
| У каждого есть своя загадка. | Әркімнің өз жұмбағы бар. |
| У каждого свои способности. | Әркімнің қабілеті бөлек. |
| У каждого своя правда. | Әркімнің өз шындығы бар. |
| У казахов есть одна хорошая пословица... | Қазақта бір жақсы мақал бар еді... |
| У кого какие есть предложения, мысли, предположения? | Кімнің қандай ұсынысы, ойы, жорамалы бар? |
| У лентяя завтра не кончается! | Еріншектің ертеңі бітпес! |
| У меня все хорошо. Во всех отношениях. | Менің жағдайым жақсы. Барлық жағынан. |
| У меня высшее образование | Менің жоғарғы білімім бар. |
| У меня глаза на лоб полезли. | Көзім шарасынан шықты. |
| У меня 2 новости: одна хорошая, другая плохая. С какой начать? - Начните с плохой. |
Менде екі хабар бар, біреуі жақсы ал екіншісі жаман. Қайсысынан бастайын? - Жаманынан бастаңыз. |
| У меня дела, вести разговоры нет времени. | Жұмыстарым бар, әңгімелесіп отыратын уақыт жоқ. |
| У меня другие планы. | Менің басқа жоспарым бар. |
| У меня другие цели. | Менің мақсаттарым басқаша. |
| У меня есть еще один подарок. | Менің тағы да бір сыйым бар. |
| У меня есть одна просьба, ты выполнишь её? - Если смогу, выполню. |
Менің бір өтінішім бар, соны орындаймысың? - Қолдан келсе, орындайын. |
| У меня есть одно условие. | Бір шартым бар. |
| У меня есть опыт работы. | Менің жұмыс тәжірибем бар. |
| У меня есть прекрасная новость. | Тамаша жаңалығым бар. |
| У меня есть срочные дела. | Шұғыл шаруам бар. |
| У меня к нему претензий нет. | Оған дауым жоқ. |
| У меня к тебе один разговор есть. | Саған бір әңгімем бар. |
| У меня к тебе есть одна маленькая просьба. | Саған бір кішкентай өтінішім бар. |
| У меня лишних денег нет. | Артық ақшам жоқ. |
| У меня мало времени. | Менің уақытым аз. |
| У меня много работы. | Жұмысым бастан асып жатыр. 2. Жұмысым көп. |
| У меня не было возможности сказать Вам. | Сізге айтуға мүмкіндігім болған жоқ. |
| У меня не было времени сделать это. | Бұл істі істеуге менің уақытым болмады. |
| У меня не хватает терпения. | Менің шыдамым таусылуда. |
| У меня не хватило смелости. | Батылым жетпеді. |
| У меня нет вредных привычек. | Менің зиянды әдеттерім жоқ |
| У меня нет вдохновения. | Шабытым жоқ. |
| У меня нет желания его слушать. | Оны тыңдауға ниетім жоқ. |
| У меня нет на это времени. | Менің оған уақытым жоқ. |
| У меня нет настроения. | Көңіл-күйім болмай тұр. |
| У меня нет слов. | Сөзім жок. |
| У меня работы валом. | Жұмысым тым көп. |
| У меня рука занемела. | Қолым талды. |
| У меня свое собственное дело. | Менің өз ісім бар. |
| У меня слеза наворачивается. | Көзіме жас келіп тұр. |
| У меня хорошо оплачиваемая работа. | Жалақысы жақсы жерде жұмыс істеймін. |
| У моря. | Теңіз жағасында. |
| У мужчин шея крепкая. | Еркектің мойыны жуан. |
| У нас дома ЧП (чрезвычайное происшествие). | Біздің үйде төтенше жағдай. |
| У нас есть общие интересы. | Ортақ мүддеміз бар. |
| У нас еще куча дел. | Біздің шаруамыз бастан асып жатыр. |
| У нас могут появиться проблемы. | Бізде қиындықтар туындауы мүмкін. |
| У нас много общего. | Біздің ортақ нәрселеріміз көп екен. |
| У нас нет конкретного плана. | Бізде нақты жоспар жоқ. |
| У нас появилась одна вакансия. | Бізде бір орын босады. |
| У нас произошли небольшие приятные изменения. | Бізде кішкене жағымды өзгерістер болды. |
| У нас специально для тебя есть сюрприз. | Біздің саған арнайы тосын сыйымыз бар. |
| У нас таких денег нет. | Бізде ондай ақша жоқ. |
| У нас такой порядок. | Біздің тәртібіміз осындай. |
| У него большое будущее. | Оның болашағы зор. |
| У него большой опыт в этом деле. | Бұл істе оның тәжірибесі көп. |
| У него золотые руки. | Оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ. |
| У него весёлое настроение. | Оның көңілі шат. |
| У него свой счет. | Оның өз есебі бар. |
| У него сотрясение головного мозга. | Оның миы шайқалған. |
| У них всегда тысячу оправданий. | Олардың әрдайым мың сылтауы бар. |
| У пьяного человека совести не бывает. | Мас адамда ар болмайды. |
| У тебя голова работает? | Басың жұмыс істей ме? |
| У тебя все в порядке? Какой-то ты странный сегодня. | Бәрі дұрыс па? Бүгін біртүрлі жүрсің ғой. |
| У тебя вся жизнь впереди, не печалься. | Бар өмірің алда, қайғырма. |
| У тебя есть вопросы? | Сұрақтарың бар ма? |
| У тебя есть другие предложения? | Басқа ұсыныстарың бар ма? |
| У тебя есть минута времени? Мы можем переговорить? | Бір минут уақытың бар ма? Сөйлесе аламыз ба? |
| У тебя есть план? | Жоспарың бар ма? |
| У тебя есть специальность? | Мамандығың бар ма? |
| У тебя еще есть вопросы? - Теперь вопросов у меня нет. |
Тағы сұрағың бар ма? - Енді сұрағым жок. |
| У тебя что, язык чешется? | Тілің қышып тұр ма? |
| Убедительно прошу Вас. | Сізден өтініп сұраймын. |
| Уберите руки. | Тартыңыз қолыңызды. |
| Убыточное предприятие. | Шығынды кәсіпорын. |
| Удалите эти документы с компьютера. | Сол құжаттарды компьютерден жойыңыз. |
| Удачно прошло. | Сәтті өтті. |
| Уладил дела? | Жұмыстарыңды реттедің бе? |
| Улыбнитесь, Вас снимает скрытая камера! | Жымиыңыз, Сізді жасырын камера түсіріп жатыр! |
| Умник! (положит.) | Ақылды екенсің! |
| Умный догадается без слов. | Ақылды адам айтқызбай біледі. |
| Умом и ростом мы ничем не хуже других. | Ойымыз да, бойымыз да ешкімнен кем емес. |
| Уникальная особенность. | Бірегей айырмашылық. |
| Управлять коллективом – не легкое дело. | Ұжымды билеу оңай емес. |
| Уроженец Алматы. | Алматының тумасы. |
| Усаживайтесь поудобнее. | Жайғасыңыз. |
| Усилены меры предосторожности. | Сақтық шаралары күшейтілді. |
| Условно говоря. | Шартты түрде айтқанда. |
| Успеете по графику? -Успеем. |
Кесте бойынша үлгересіздер ме? -Үлгереміз. |
| Успеешь? Нужна моя помощь? | Үлгересің бе? Көмек беруім керек пе? |
| Успеешь сказать. | Айтуға үлгересің. |
| Успокойся, возьми себя в руки. | Сабыр сақта, өзінді өзің ұста. |
| Успокойся, не нервничай. | Тыныштал, күйгелектенбе. |
| Успокойтесь. | Тынышталыңыз. |
| Устранение недостатков. | Олқылықтардың орнын толтыру. |
| Утвержденный график. | Бекітілген кесте. |
| Утро вечера мудренее. | Кешкі ойлаудан таңертеңгі ойлау тиімдірек. (калька) |
| Учась, учу других. | Үйрене жүріп үйретіп жүрмін. |
| Учись контролировать себя. | Өзіңді ұстауды үйрен. |
| Учись, пока я живой. | Менің көзімнің тірісінде үйреніп ал. 2. Мен тірі тұрғанда үйреніп ал. |
| Учиться никогда не поздно. | Оқуға ешқашан да кеш емес. |
| Ушла важной поступью. | Кетті қайқаңдап. |
Ф
| Факт установлен. | Факт анықталды. |
| Фактически оказанные услуги. | Нақты көрсетілген қызметтер. |
| Фальсифицировать у меня смелости не хватает. | Бұрмалауға батылым жетпейді. |
| Финансово-хозяйственная деятельность. | Қаржы-шаруашылық қызмет. |
| Форма оплаты. - Наличными, перечислением. |
Төлем нысаны. - Ақшалай, есепшотқа аудару. |
| Форс-мажорные обстоятельства. | Форс-мажорлық жағдайлар. |
| Форум организован на высшем уровне. | Форум жоғары деңгейде ұйымдастырылған. |
| Функциональные обязанности. | Функционалдық міндеттер. |
Х
| Хватит, хватит, дальше можешь не говорить. | Болды-болды, ар жағын айтпай-ақ қой. |
| Хватит. Моё терпение кончилось. | Жетер. Менің төзімім таусылып бітті. |
| Хватит. Прекратите. | Жетер. Доғарыңыз. |
| Ход работы. | Жұмыс барысы. |
| Хороший обычай. | Жақсы дәстүр екен. |
| Хороший разговор сокращает рабочий день. | Жақсы әңгіме жұмыс күнін қысқартады. |
| Хорошо было бы, если бы Вы это разъяснили мне. | Осыны маған түсіндірсеңіз, жақсы болар еді. |
| Хорошо, пусть будет по-твоему. | Жарайды, сенің айтқаныңдай болсын. |
| Хорошо, ты меня уговорил. | Жақсы, көндірдің. |
| Хорошо, я подумаю. | Жарайды, ойланып көрейін. |
| Хотите у нас работать? | Бізде жұмыс істегіңіз келе ме? |
| Хоть и неудобно, но скажу. | Ыңғайсыз болса да, айтайын. |
| Хоть какой. | Қайсысы болса да. |
| Хоть убей, не помню. | Өлтірсең де, есімде жоқ. |
| Хочет остаться в тени. | Көлеңкеде қалғысы келеді. |
| Хочешь, чтобы все было только по-твоему. | Бәрі де тек сенің ойлағаныңдай болуы керек. |
| Хочу напомнить вам. | Естеріңізге сала кетейін. |
| Хочу только, чтобы ты простил меня. | Тек мені кешіргеніңді қалаймын. |
| Хочу узнать твоё мнение. | Сенің пікіріңді білгім келіп тұр. |
| Храните тайну. | Құпияны сақтаңдар. |
| Хроническая болезнь. | Созылмалы ауру. |
| Художественный руководитель театра. | Театрдың көркемдік жетекшісі. |
Ц
| Цель Вашего приезда? | Сіздің келу мақсатыңыз қандай? |
| Цель исследования. | Зерттеу мақсаты. |
| Цена договорная. | Бағасы келісім бойынша. |
| Цени только тех людей, которые ценят тебя. | Сен бағалайтын адамдарды ғана бағала. |
| Цените друг друга. | Бір-бірлеріңізді қадірлеңіздер. |
| Цените дружбу. | Достықты қадірлеңіздер. |
| Ценится дороже то, чего нет. | Не жоқ болса, сол қат. |
| Ценный работник. | Бағалы қызметкер. |
| Цены на продукты повышаются с каждым днём. | Азық-түлік бағасы күн санап өсіп жатыр. |
Ч
| Час от часу не легче! | Кеткеннен келердің жеңілдігі жоқ! |
| Часы идут вперёд. | Сағат алға озып кетіпті. |
| Часто задаваемые вопросы. | Жиі қойылатын сұрақтар. |
| Частная собственность. | Жеке меншік. |
| Чего вздыхаешь? | Неге күрсінесің? |
| Чего встал? Пошли. | Неге тұрып қалдың? Кеттік. |
| Чего вот им не хватает? | Не жетпейді осыларға? |
| Чего только не придумают в Китае. | Қытайдың шығармайтындары жоқ. |
| Чего ты бесишься? | Несіне жынданасың? |
| Чего ты боишься? | Неден қорқасың? |
| Чего ты добиваешься? | Нені көксеп отырсың? |
| Чего ты подмигиваешь? | Неге ымдап отырсың? |
| Чего ты смеёшься? | Неге күліп тұрсың? |
| Чего шумите? | Неге шу көтеріп жүрсіз? |
| Человек способен на всё. | Адам бәріне де қабілетті. |
| Чем больше Вы будете говорить об этом, тем лучше. | Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым жақсы болады. |
| Чем Вы занимаетесь на рабочем месте? | Жұмыс орнында Сіз немен айналысасыз? |
| Чем занимаются твои родители? | Ал сенің ата-анаң немен айналысады? |
| Чем могу вам помочь? | Сізге қандай көмек көрсете аламын? |
| Чем скорее, тем лучше. | Неғұрлым тезірек болса, соғұрлым жақсырақ. |
| Чем ты занимаешься? | Немен айналысып жүрсің? |
| Чем я хуже него? | Одан қай жерім кем? |
| Чему стоите, радуетесь!? | Неменеге мәз болып тұрсыңдар!? |
| Через 10 минут доложите мне полную обстановку. | Он минуттан кейін маған жағдайды толық баяндаңыз. |
| Через 10 минут будет готово. | Он минуттан кейін дайын болады. |
| Через две недели чтобы было готово! | Екі аптадан кейін дайын болсын! |
| Через неделю. | Бір аптадан кейін. |
| Через полчаса у меня важная встреча. | Жарты сағаттан кейін маңызды кездесуім бар. |
| Черта бедности. | Кедейлік шегі. |
| Честному человеку работа найдётся. | Адал адамға жұмыс табылады. |
| Чётные дни. - Нечётные дни. |
Жұп күндер. - Тақ күндер. |
| Чёрный список. | Қара тізім. |
| Чистосердечное раскаяние. | Шын жүректен өкіну. |
| Чистота – залог здоровья. | Тазалық – денсаулықтың кепілі. |
| Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Российской Федерации. | Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. |
| Что будем делать дальше? | Әрі қарай не істейміз? 2. Кейін не істейміз? |
| Что будешь делать? | Не істемексің? |
| Что будешь делать вечером? | Кешке не істемексің? |
| Что бы Вы сделали в этом случае? | Мұндай жағдайда Сіз не істер едіңіз? |
| Что бы Вы сделали на моем месте? | Менің орнымда болсаңыз, не істер едіңіз? |
| Что бы я делал, если не было бы Вас? | Сіз болмасаңыз, мен не істер едім? 2. Сіз болмасаңыз, қайтер едім? |
| Что было дальше? | Сосын не болды? 2. Содан ары қарай не болды? 3. Содан кейін не болды? |
| Что было потом, не помню. | Арғы жағы есімде жоқ. |
| Что было, то было, что поделаешь. | Болар іс болды, не істейсің. |
| Что в этом позорного? | Оның несі ұят? |
| Что в этом такого? | Онда тұрған не бар? |
| Что вам ещё нужно от нас? | Бізден сендерге тағы не керек? |
| Что вам двоим не хватает? | Екеуіңе не жетпейді? |
| Что Вам придает силы? | Сізге күш беретін не нәрсе? |
| Что Вы будете делать после работы? | Сіз жұмыстан кейін не істейсіз? |
| Что Вы выберете? | Сіз қайсыны таңдайсыз? |
| Что Вы мне посоветуете? | Сіз маған қандай кеңес бересіз? |
| Что Вы здесь делаете? | Сіз мына жерде неғып жүрсіз? |
| Что Вы знаете о нашей компании? | Біздің компания туралы не білесіз? |
| Что Вы мне посоветуете сделать? | Маған не істе деп кеңес бересіз? |
| Что Вы на это скажете? | Бұған не айтасыз? |
| Что вы на этом заморачиваетесь? | Оған неге бастарыңды ауыртып отырсыңдар? |
| Что Вы об этом думаете? | Бұл жөнінде Сіз қандай ойдасыз? |
| Что вы решили? | Не шештіңдер? |
| Что Вы сказали? - Я ничего не говорил. |
Не дедіңіз? - Ештеңе деген жоқпын. 2. Ештеңе демедім. |
| Что Вы собираетесь делать? | Сіз не істейін деп тұрсыз? |
| Что вы тут стоите?! | Сендер неғып тұрсыңдар бұл жерде?! |
| Что Вы хотели? | Сізге не керек еді? |
| Что Вы хотели сказать? | Не айтайын деп едіңіз? |
| Что Вы хотели узнать? | Не білейін деп едіңіз? |
| Что вы хотите узнать, спрашивайте. | Не білгіңіз келеді, сұраңыз. |
| Что говорят домашние? | Үйіңдегілер не дейді? |
| Что дальше? | Әрі қарай не? |
| Что ещё нужно лучше этого? | Одан артық не керек? |
| Что ещё прикажете? | Тағы да бұйрықтарыңыз бола ма? |
| Что ещё скажете? | Тағы не айтасыз? |
| Что ещё ты натворил? | Тағы не бүлдірдің? |
| Что желаешь? | Не қалайсың? |
| Что за безобразие?! | Не деген сұмдық?! 2. Не деген бассыздық?! |
| Что за безобразие, куда ни пойдешь, везде коррупция. | Бұл не деген сұмдық, қайда барсаң да – сыбайлас жемқорлық. |
| Что за люди! Им слово, а они десять в ответ! | Не деген адамдар! Ә десе, мә дейді! |
| Что за нескончаемая работа, нет конца и края. | Не деген ұшы-қиыры жоқ, таусылмайтын жұмыс |
| Что здесь происходит? | Бұл жерде не болып жатыр? |
| Что за разговоры в рабочее время? | Жұмыс уақытында бұл не әңгіме? |
| Что и требовалось доказать. | Дәлелдеуге керектісі осы еді. 2. Осыны нақ дәлелдеу керек еді. |
| Что им не хватает? | Мыналарға не жоқ? |
| Что именно Вас интересует? | Сіз нақты нені білгіңіз келеді? |
| Что ищешь? | Не іздеп жүрсің? |
| Что мне делать, куда мне идти? | Не істеймін, қайда барамын? |
| Что мне прикажешь делать? | Не істе дейсің маған? |
| Что можно на это сказать? | Бұған не деуге болады? |
| Что мы можем ему сделать? | Оған не істей аламыз? |
| Что на это говорят эксперты? | Бұған сарапшылар не дейді? |
| Что не сделаешь для лучшего друга. | Жан досың үшін не істемейсің. |
| Что не сделаешь за такие деньги! | Мұндай ақша үшін не істемейсің! |
| Что нужно делать в этом случае? | Мұндай жағдайда не істеу керек? |
| Что нужно делать, чтобы не забыть казахский язык? - Нужно чаще говорить на работе, дома, на улице, тогда не забудешь. |
Қазақ тілін ұмытып қалмау үшін не істеу керек? - Жұмыста, үйде, көшеде жүргенде қазақша жиі сөйлесу керек, сонда ұмытпайсың. |
| Что нужно для этого сделать? | Ол үшін не істеу керек? |
| Что об этом известно? | Бұл туралы не белгілі? |
| Что означает Ваше молчание? | Сіздің үндемей қалуыңыз нені білдіреді? |
| Что он за человек? | Ол қандай адам өзі? |
| Что он, интересно, скажет? | Ол не айтады екен? |
| Что он может? | Оның қолынан не келеді? |
| Что он мне может сделать? | Ол маған не істей алады? |
| Что он сделал? | Ол не істеп қойды? |
| Что он тебе сказал? | Ол саған не деді? |
| Что опять не понравилось? | Тағы не ұнамай қалды? |
| Что ответить, я не знаю. | Не жауап берерімді білмей тұрмын. |
| Что плохого я тебе сделал? | Мен саған не жамандық жасап едім? 2. Мен саған не жамандық жасадым? |
| Что предлагаете? | Не ұсынасыз? |
| Что с ними? | Мыналарға не болды? |
| Что с твоим лицом? | Бетіңе не болған? |
| Что с тобой, вздыхаешь, как взрослый? | Не болды саған, үлкен адам сияқты күрсінесің? |
| Что сидишь невесёлый? | Неге көңілсіз отырсың? |
| Что скажешь, если ничего не знаешь. Ничего сказать не могу. | Білмеген соң не айтасың? Ештеңе айта алмаймын. |
| Что скажешь на это? | Бұған не дейсің? |
| Что случилось с твоим чувством юмора? | Сенің әзіл сезіміңе не болған? |
| Что смеёшься? Я что-то смешное сказал? | Неге күліп тұрсың? Күлкілі бірдеңе айттым ба? |
| Что стоишь у порога, проходи! | Неғып босағада тұрсың, жоғарыла! |
| Что стоишь ухмыляешься? | Неге ыржиып тұрсың? |
| Что такие невесёлые? | Неге сондай көңілсізсіңдер? |
| Что тебе здесь надо? | Мұнда саған не бар? |
| Что тебе нужно от меня? | Саған менен не керек? |
| Что тебя не устраивает? | Нені ұнатпай тұрсың? |
| Что тут извинять? | Кешіретін не бар мұнда? |
| Что ты делаешь в свободное время? | Сен қолың бос кезде не істейсің? |
| Что ты ещё замышляешь? | Тағы не ойластырып жүрсің? |
| Что ты за человек? | Не деген адамсың? |
| Что ты замер, почему не сядешь? | Неге қалшиып тұрсың, отырмайсың ба? |
| Что ты, кроме этого, еще можешь сделать? | Сенің қолыңнан одан басқа не келеді? |
| Что ты мелешь, дорогой? | Сен не көкіп тұрсың, шырағым? |
| Что ты мечешься? | Неменеге аласұрып жүрсің? |
| Что ты мычишь? | Не деп міңгірлеп отырсың? |
| Что ты ответил? | Сен не деп жауап бердің? |
| Что ты ответишь? | Не деп жауап бересің? |
| Что ты растерянный стоишь? Иди, садись давай. | Неге абыржып тұрып қалдың? Кел, отырсаңшы. |
| Что ты сейчас сказал? | Сен жаңа не дедің? |
| Что ты там бормочешь? | Не деп мыңқылдап тұрсың? |
| Что ты там жуёшь (повторяешь одно и то же)? | Не деп шайнап тұрсың? |
| Что ты там потерял? | Ол жақта не жоғалттың? |
| Что ты хотел мне сказать? | Маған не айтайын деп едің? |
| Что ты хотел сказать? | Не айтайын дедің? |
| Что ты хочешь сказать? | Не айтқың келіп тұр? 2. Не дегің келіп тұр? |
| Что ты этим хотел сказать? | Не айтайын дедің осымен? |
| Что ты этим хочешь сказать? | Мұнымен не айтпақсың? 2. Мұнымен не айтқың келіп отыр? |
| Что у вас происходит там? - Ничего не происходит. |
Сендерде не болып жатыр өзі? - Ештеңе болып жатқан жоқ. |
| Что у тебя за вид? | Мына түрің не? |
| Что хотите говорить говорите, мне всё равно. Никого я не боюсь. | Не десеңдер о деңдер, маған бәрібір. Ешкімнен қорықпаймын. |
| Что хочу делать, то и буду делать. | Не істегім келсе соны істеймін. |
| Что человек не сделает в безвыходной ситуации. | Қысылғанда адам не істемейді. |
| Что чувствую внутри, словами не опишешь. | Іштегі сезімім сөзбен жеткізілмейді. |
| Что это? | Бұл не екен? |
| Что это за каракули? - Поаккуратнее пиши. |
Мынау не деген шимай жазу? - Ұқыптырақ жазсаңшы. |
| Что я буду здесь делать? | Мен мұнда не істеймін? |
| Что я Вам говорил? | Мен не деп едім Сізге? |
| Что я должен сделать? | Не істеуім керек? |
| Что я сделал? | Мен не істеппін? |
| Что я сделал тебе такого? | Сонша не істеп қойдым саған? |
| Что я скажу, если спросят: «Откуда ты взял?» - Правду скажешь. |
«Қайдан алдың» десе не деймін? - Шындықты айтасың. |
| Что я тебе только что сказал? | Мен саған жаңа ғана не дедім? |
| Что я тебе сделал? | Мен не қылдым саған? 2. Мен саған не істедім? |
| Что-то ещё нужно? | Тағы бірдеңе керек пе? |
| Что-то много смеемся, давайте прекращать. | Көп күліп кеттік, қояйық енді. |
| Что-то не так? | Бірдеңе дұрыс емес пе? |
| Что-то случилось, наверное. | Бір жағдай болып қалған шығар. |
| Что-то ты рано сегодня пришёл. | Бүгін ерте келіп қалыпсың ғой. |
| Чтобы ноги твоей здесь больше не было! | Енді бұл жерге аяқ басушы болма! |
| Чтобы я этого больше не слышал. | Мұндайды енді естімейтін болайын. |
| Чуть было не опоздал. | Кешігіп қала жаздадым. |
| Чуть не забыл. | Ұмытып кете жаздадым. |
Ш
| Шаг вперёд! (арм.) | Бір қадам алға! |
| Шаг за шагом. | Аттаған сайын. |
| Шефу это понравилось бы. | Бастыққа бұл ұнаушы еді. |
| Шефу это не понравится. | Бастыққа бұл ұнамайды. |
| Штатная расстановка. | Штаттық орналастыру. |
| Шутки твои не кончаются. | Сенің қалжының таусылмайды ғой. |
| Шымкент – город республиканского значения. | Шымкент – республикалық маңызы бар қала. |
Э
| Эй, ты не слышишь? Я тебе говорю. | Әй, естімейсің бе? Саған айтып отырмын. |
| Экспертное заключение. | Сараптама қорытындысы. |
| Экстренное совещание. | Шұғыл жиналыс. |
| Эта вещь пригодится. | Бұл нәрсе пайдаға асар. |
| Эта информация дороже золота. | Бұл ақпарат алтыннан да қымбат. |
| Эта неделя была для меня тяжелой. | Бұл апта мен үшін ауыр болды. |
| Эта пословица не зря сказана. | Осы мақал бекер айтылмаған. |
| Эта тема давно закрыта. | Бұл тақырып баяғыда жабылған. |
| Этим дело не закончится. | Мұнымен іс бітпейді. |
| Этим эта история не закончилась. | Бұл оқиға осымен аяқталған жоқ. |
| Это актуальная проблема. | Бұл - өзекті мәселе. |
| Это безобразие. | Бұл тәртіпсіздік. |
| Это большая ответственность. | Бұл үлкен жауапкершілік. |
| Это большое достижение. | Бұл - үлкен жетістік. |
| Это большое зло. | Бұл - үлкен зұлымдық. |
| Это большой секрет. | Бұл - үлкен құпия. |
| Это большой успех. | Бұл - үлкен табыс. |
| Это бомба замедленного действия. | Бұл - кешеуілдеп жарылатын бомба. |
| Это будет важный проект. | Бұл маңызды жоба болмақ. |
| Это будет тебе уроком. | Бұл саған сабақ болады. |
| Это было заранее известно. | Бұл алдын-ала белгілі болған. |
| Это было так. | Ол былай болған еді. |
| Это в последний раз. | Бұл соңғы рет. |
| Это важная проблема. | Бұл - маңызды мәселе. |
| Это важное дело. | Бұл - маңызды іс. |
| Это Ваше право. | Бұл - Сіздің құқыңыз. |
| Это ведь всем известно. | Бұл бәріне белгілі ғой. |
| Это видно невооруженным глазом. | Бұл жай көзбен көрініп тұр. |
| Это возмутительно! | Мұныңыз тым ерсі! |
| Это вопрос воспитания. | Бұл тәрбиенің мәселесі. |
| Это вошло в привычку. | Бұл әдетке айналды. |
| Это вредно для детей. | Бұл балалар үшін зиянды. |
| Это временно. | Ол уақытша нәрсе. |
| Это всё? | Осымен болды ма? |
| Это всё неспроста. | Мұнын бәрі тегін емес. |
| Это всё, что ты знаешь? | Бар білгенің осы ма? |
| Это второстепенный вопрос. | Бұл - екінші кезектегі мәселе. |
| Это Вы зря. | Мұныңыз бекер. |
| Это государственная тайна. | Бұл - мемлекеттік құпия. |
| Это грубое нарушение. | Бұл - өрескел бұзушылық. |
| Это дело времени. | Бұл уақыт еншісінде. |
| Это дело меня утомило. | Бұл іс мені жалықтырды. |
| Это дело надо закончить к среде. | Сәрсенбіге қарай осы жұмысты қолға алып, аяқтау керек. |
| Это дело не терпит отлагательства. | Бұл істі кейінге қалдыруға болмайды. |
| Это дело я решил. | Бұл істі мен шешіп қойдым. |
| Это длинная история. | Ол ұзақ әңгіме. |
| Это для меня самая нужная книга. | Бұл маған ең керекті кітап. |
| Это для меня слишком дорого. | Бұл мен үшін тым қымбат. |
| Это для меня совершенно неожиданно. | Бұл мен үшін күтпеген жағдай. |
| Это для нас очень важные сведения. | Бүл біз үшін аса маңызды мәлімет. |
| Это добрая примета. | Бұл – жақсылықтың белгісі. |
| Это долгий процесс. | Бұл ұзақ үдеріс. |
| Это его выбор. | Бұл оның таңдауы. |
| Это его долг. | Бұл – оның парызы. |
| Это ещё ничего. | Бұл бер жағы ғана. |
| Это же безответственность! | Бүл жауапсыздық қой! |
| Это же дикость. | Бұл жабайылық қой. |
| Это же мелочи. | Бұл ұсақ-түйек қой. |
| Это же наш долг. | Бұл біздің парызымыз ғой. |
| Это же наше с тобой общее дело. | Бұл іс біз екеумізге ортақ қой. |
| Это же нельзя так оставить. | Бұны осылай қалдыруға болмайды ғой. |
| Это же ужас. | Мынау сұмдық қой. |
| Это за деньги не купишь. | Оны ақшаға сатып алмайсың. |
| Это зависит от Вас. | Ол өзіңізге байланысты. |
| Это зависит от нас. | Бұл бізге байланысты. |
| Это запрещено. | Оған тыйым салынған. 2. Бұған рұқсат етілмейді. |
| Это закрытая информация. | Бұл – жабық ақпарат. |
| Это здесь при чём? | Мұның қандай қатысы бар? |
| Это интересно. | Бұл қызықты. |
| Это и для других урок. | Бұл басқаларға да сабақ. |
| Это и есть везение. | Жолы болды деген осы. |
| Это и так ясно, даже если бы он это не говорил. | Соны айтпаса да, ол анық. |
| Это и я смогу. | Олай мен де істей аламын. |
| исторический момент. | Бұл – тарихи сәт. |
| Это к добру не приведет. | Бұл жақсылыққа апармайды. |
| Это как называется? | Бұл қалай аталады? |
| Это коррупция. | Бұл – сыбайлас жемқорлық. |
| Это, конечно, спорный вопрос. | Бұл, әрине, даулы мәселе. |
| Это - криминальные дела, не шутки. | Бұл - әзіл емес, қылмыстық істер. |
| Это кто тебе сказал? | Мұны саған кім айтты? |
| Это лекарство не дало эффекта. | Бұл дәріден дауа болмады. |
| Это личная информация. | Ол - жеке ақпарат. |
| Это ложная информация. | Бұл - жалған ақпарат. |
| Это меня выводит из себя. | Бұл мені ызаландырады. |
| Это меня не касается. | Онда менің жұмысым жоқ. |
| Это место занято. | Бұл орын бос емес. |
| Это место мне знакомо. | Мына жер маған таныс. |
| Это модно в этом сезоне. | Бұл осы маусымда сәнде. |
| Это мое место. | Бұл менің орным. |
| Это моё последнее слово. | Бұл менің соңғы сөзім. |
| Это моё личное мнение. | Ол менің жеке пікірім. |
| Это можно исправить. | Мұны түзетуге болады. |
| Это мой деловой партнер. | Бұл менің іскерлік серіктесім. |
| Это мой долг. | Бұл - менің парызым. |
| Это мой зарубежный партнер. | Бұл менің шетелдік әріптесім. |
| Это моя недосягаемая мечта. | Бұл менің қол жетпес арманым. |
| Это моя обязанность. | Бұл менің міндетім. |
| Это моя ошибка. | Бұл менің қатем. |
| Это мы ещё посмотрим. | Мұны әлі көре жатармыз. |
| Это нам нужно доказать. | Оны дәлелдеуіміз керек. |
| Это настоящее вредительство. | Бұл - нағыз зиянкестік. |
| Это наш пятилетний план. | Мынау біздің бес жылдық жоспарымыз. |
| Это наш сегодняшний уровень. | Бұл біздің бүгінгі деңгейіміз. |
| Это наша общая победа. | Бұл – біздің ортақ жеңісіміз. |
| Это наша обязанность! | Бұл біздің міндетіміз! |
| Это наше условие. | Бұл - біздің шартымыз. |
| Это не в Вашей воле. | Бұл Сіздің еркіңізде емес. |
| Это не в моих силах. | Бұл менің қолымнан келмейді. |
| Это не доказательство. | Ол дәлел емес. |
| Это не мои обязанности. | Бұл менің міндетім емес. |
| Это не оправдание. | Бұл сылтау емес. |
| Это не случайность. | Бұл кездейсоқтық емес. |
| Это не считается. | Бұл есептелмейді. |
| Это не твоё дело. | Бұл сенің шаруаң емес. |
| Это негигиенично. | Ол гигиенаға жатпайды. |
| Это незабываемый случай. | Бұл естен кетпейтін оқиға. |
| Это незаконно. | Бұл заңға қайшы. |
| Это незаконно. Так делать нельзя! | Бұл заңсыз, бұлай істеуге болмайды! |
| Это неизбежная вещь. | Бұл – қашып құтылмайтын нәрсе. |
| Это нелегко сделать, но ты справишься. | Бұл оңай нәрсе емес, бірақ сенің қолыңнан келеді. |
| Это немыслимо. | Бұл ақылға сыймайды. 2. Бұл ақылға қонбайды. |
| Это несложное дело. | Ол қиын шаруа емес. |
| Это никто не сможет сказать точно. | Нақты оны ешкім айта алмайды. |
| Это нормальное явление. | Бұл – қалыпты құбылыс. |
| Это обстоятельство Вас не смущает? | Сіз бұл жағдай үшін қысылмайсыз ба? |
| Это обязательно? | Бүл міндетті ме? |
| Это оказалось правдой. | Бұл рас болып шықты. |
| Это они от зависти так говорят. | Олар сені көре алмағандықтан айтып жүр. |
| Это оригинал или копия? | Бұл тұпнұсқа ма, әлде көшірме ме? |
| Это отличная идея. | Мынау тамаша ой екен. |
| Это очень важно. | Бұл өте маңызды. |
| Это очень важно для меня. | Бұл мен үшін өте маңызды. |
| Это очень важные файлы. | Бұл өте маңызды файлдар. |
| Это очень важный вопрос для будущего. | Бұл болашақ үшін өте маңызды мәселе. |
| Это очень интересный случай. | Бұл оқиға өте қызық. |
| Это очень опасно. | Ол өте қауіпті. |
| Это очень сложная работа. | Бұл аса күрделі жұмыс. |
| Это очень сложный, но очень интересный вопрос. | Бұл өте қиын, бірақ өте қызық сұрақ. |
| Это очень удобно. | Бұл өте ыңғайлы. |
| Это очень хорошая тема. | Бұл өте жақсы тақырып. |
| Это пока неизвестно. | Ол әзірше белгісіз. |
| Это покажет время. | Оны уақыт көрсетер. |
| Это последнее предупреждение. | Бұл соңғы ескерту. |
| Это послужит тебе уроком. | Сен үшін бұл сабақ болсын. |
| Это просто безобразие! | Бұл нағыз оңбағандық! |
| Это пусть послужит тебе уроком, впредь не делай так. | Сен үшін бұл сабақ болсын, ендігәрі бұлай істеме. |
| Это работа чем тебя заинтересовала? | Бұл жұмыс сені немен қызықтырды? |
| Это ради твоего блага. | Бұл сенің қамың үшін. |
| Это решит суд. | Оны сот шешеді. |
| Это самое важное. | Ең маңыздысы сол. |
| Это самое ужасное. | Ең сорақысы сол. |
| Это связано с работой. | Бұл жұмысқа қатысты нәрсе. |
| Это сейчас в моде. | Бұл казір сәнді. |
| Это скрыть невозможно. | Мұны жасыру мүмкін болмас. |
| Это – случайность. | Бұл – кездейсоқтық. |
| Это случилось спонтанно. | Бұл аяқ астынан болды. |
| Это специально спланировано. | Бұл әдейі жоспарланған. |
| Это справедливо? - Это несправедливо. |
Бұл әділетті ме? - Бұл әділетсіз. |
| Это спросите у него самого. | Оны өзінен сұраңыз. |
| Это твоё дело. | Ол сенің шаруаң. |
| Это твоё право. | Бұл сенің құқығың. |
| Это твоё решение. Мы согласия не давали. | Бұл сенің шешімің. Біз келісім бермедік. |
| Это твой выбор. | Бұл сенің таңдауың. |
| Это твой последний шанс. | Бұл сенің соңғы мүмкіндігің. |
| Это те, которым говорят постриги ему волосы, а они голову сносят. | Шаш ал десе, бас алатындар ғой. |
| Это тебе боевое задание. | Бұл саған жауынгерлік тапсырма. |
| Это тебе урок! Сам виноват! | Бұл саған сабақ! Өзің кінәлісің! |
| Это теперь ваши проблемы. | Бұл енді сендердің мәселелерің. |
| Это тебе знать не нужно. | Оны саған білудің қажеті жоқ. |
| Это технический брак. | Бұл техникалық ақау. |
| Это только начало. Все ещё впереди. | Бұл тек басы ғана. Барлығы әлі алда. |
| Это только начало. Этим не закончится. | Бұл әлі бастысы. Мұнымен бітпейді. |
| Это только одному Богу известно. | Оны бір Құдай ғана біледі. |
| Это ты и выяснишь. Это твоя работа. | Мұны сен анықтайсың. Бұл сенің жұмысың. |
| Это ты уже слишком! | Мұның енді артық! |
| Это уже перебор. | Бұл тым артық. |
| Это хорошая привычка. | Бұл жақсы әдет. |
| Это хорошее качество (о характере). | Ол жақсы қасиет. |
| Это что за идиотизм?! | Бұл не деген есуастық?! |
| Это чувство мне не передать словами. | Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. |
| Это шанс, ты должен им воспользоваться. | Бұл мүмкіндік, соны пайдалануың керек. |
| Это я знаю точно. | Бұны мен нақты білемін. |
| Этого не может быть. | Олай болуы мүмкін емес. |
| Этого недостаточно. | Ол жеткіліксіз болып тұр. |
| Этого я и до сегодняшнего дня так не понял. | Соны әлі күнге дейін түсінбедім. |
| Этого я не знаю. | Онысын білмеймін. |
| Этому верить нельзя. | Бұған сене беруге болмайды. |
| Этому не бывать. | Олай болмас. |
| Этот вопрос мы постараемся решить. | Бұл мәселені шешуге тырысамыз. |
| span> | Ол мәселені кейін шешеміз. |
| Этот вопрос мы решим между собой. | Біз бұл мәселені екеуіміз өзара шешеміз. |
| Этот вопрос не только Вас одного беспокоит. | Бұл сұрақ жалғыз Сізді ғана мазалап жүрген жоқ. |
| Этот вопрос никого не волнует. | Бұл сұрақ ешкімді толғандырмайды. |
| Этот заказ для нас очень важен. | Бұл тапсырыс біз үшін өте маңызды. |
| Этот мерзавец издевается что ли над нами? | Әлгі оңбаған бізді мазақ қылып жүр ме? |
| Этот приказ я выполнить не могу. | Мен бұл бұйрықты орындай алмаймын. |
| Этот проект необходимо продолжить. | Бұл жобаны жалғастыра беру қажет. |
| Этот санаторий называется «Муялды». | Бұл шипажайды «Мойылды» деп атайды. |
| Этот случай ты будешь потом вспоминать со смехом. | Бұл жағдайды әлі күліп отырып еске аласың. |
| Этот человек будет Вам компаньоном. | Бұл кісі Сізге серік болады. |
| Этот человек мне совсем не понравился. | Сол адам маған мүлде ұнамады. |
| Этот человек может всё. | Ол кісінің қолынан бәрі келеді. |
| Этот человек опытный специалист? | Бұл адам тәжірибелі маман ба? |
| Эту проблемы мы решим легко. | Бұл мәселені біз оңай шешеміз. |
| Эту проблему надолго мы не будем затягивать. | Бұл мәселені көпке созбаймыз. |
| Эту проблему нужно решить мирно. | Бұл мәселені бейбіт жолмен шешу керек. |
| Эффективное взаимодействие. | Тиімді өзара әрекет. |
| Эффективное использование. | Тиімді қолдану. |
| Эффективный метод работы. | Жұмыстың тиімді тәсілі. |
Ю
| Южно-Казахстанская область. | Оңтүстік Қазақстан облысы. |
| Юмористический журнал. | Әзіл-сықақ журналы. |
| Юридическое лицо. | Заңды тұлға. |
другие статьи
-
ҮЗДІК АТАНҒАН ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
29 июля, 23:11 -
Ғибратты әңгімелер: "ТАРАЗЫ"
3 октября, 22:00 -
Более 25 тысяч жамбылцев изучают казахский язык онлайн
13 апреля, 21:31 -
Гарри Поттера впервые перевели на казахский язык
5 февраля, 19:08 -
Абайдың әндері
15 февраля, 1:00