Новости и объявления
Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдарының онлайн дәрісі мәресіне жетті
24 апреля, 0:04Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Қазақ жазуын латынграфикалы жаңа әліпбиге көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдары өткізген 5 күндік онлайн дәріс бүгін мәресіне жетті.
Кесте бойынша соңғы дәрістерді Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемелекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Мархаба Тұрсынова мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы жүргізді.
Онлайн дәрісті «Жаңа жазудың әдістемелік мәселелері» тақырыбында М.Тұрсынлва бастады. Ол жаңа әліпби емле ережесіне тоқталып, орфографиядағы қиындық туғызатын кейбір мәселелерді меңгертудің тиімді жолдары туралы ғылыми тұжырымдарды практикамен ұштастыра отырып, баяндады.
Дәріскер сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын бірнеше әдіс түрін, оның ішінде тәжірибелік (күнделікті қайталау арқылы),көрнекілік (түрлі көрнекіліктер), сөздік немесе тілдік әдістерді (ауызша немесе жазбаша) жан жақты мысалдармен сипаттап өтті. Осыған байланысты басқа да әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, емле ережесіндегі кейбір проблемалы мәселелерге байланысты тапсырмалар ұсынды. Сонымен қатар емле ережені меңгертуде де білім алушының жас ерекшелігі маңызды екенін ескеру қажеттілігі туралы өз ойын ортаға салды.
Дәрісті әрі қарай А.Мұратқызы «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі жаңа ұлттық әліпби» тақырыбында жалғастырды. Дәрісте ұлттану мен жаһандану үдерісінің ұлттық тілдің дамуына тигізетін әсері, сонымен бірге осы жағдайда ұлттық әліпбиге қойылатын талаптар мәселесі жан-жақты талданды. Онда посткеңестік кеңістіктегі тәуелсіздік алған елдердің ұлттық санасын жаңғыртуы жолындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға нақты деректерге сүйене отырып, Қазақстандағы ұлттану үрдісін қаперге алып, әліпби түзу принциптерін анықтау, пысықтау қажеттігін айтты. Ауызша және жазба коммуникация құралдарының дербес дамуының жаңа жолдары мен тәсілдерінің көбеюі, тілде динамикалық синхронияның пайда болуы, ақпарат тасқыны, тез жаңару, өзгеріс қарқынының геометриялық прогрессиямен өсуі, тілдік трансмиссиясының әлсіреуі сияқты жаһандану үрдісінің сипаттары аясына ұлттық тілдің әліпбиі принциптері мен ерекшелігі туралы жан-жақты талдау жасалды. Латын графикасына негізделген әліпби арқылы жазба кодтқа алмастырушы таңбалардың ықшам, түсінікті, рационалды болу шарттарына тоқталды. Сонымен қатар дәріскер Ахмет Байтұрсынұлы тағылымына терең зер салуды, бүгінгі заман сұранысын назарда ұстауды алға тартты. Дәріскер "заманауи ұлттық әліпби түзу принциптерін қатаң ұстану - жас ұрпаққа өміршең жазу құралын қалдырудың жолы" - деді.
Осылайша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ONLINEda bol жобасы аясында ұйымдастырылып 5 күнге созылған, 10 ғалым дәріс оқыған онлайн курс жаңа әліпбидің жаһандану дәуірінде ұлттану үдерісін жеңілдететін тиімді тетік екіндігін айқындаумен қорытындыланды. Онлайн дәріске қатысқан жалпы саны 700-ден астам азамат жаңа әліпбидегі таңбалар мен оны оқыту медодикасына байланысты көкейтесті сауалдың нақты жауабын алды.
Дереккөз: tilalemi.kz
другие статьи
-
Көне сөздер көмбесі
28 ноября, 23:48 -
АМАН КЕЛЕШЕК: МЫ НАСЛЕДНИКИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ!
13 ноября, 0:09 -
БРЮССЕЛЬДЕ «ТІЛ- ҚАЗЫНА» ҚАЗАҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
23 июня, 16:29 -
В САЛОНЕ КРАСОТЫ / СӘН САЛОНЫНДА
8 сентября, 0:14 -
Стало известно, кто представит Казахстан на Junior Eurovision-2020
26 сентября, 15:46