Слушаем (песни с текстами)
Келіңіз, ән шырқайық! Часть 1
3 декабря, 19:03Анашым
Сөзі Қ. Жұмағалиев
Әні М. Омаров
Шет жүрсем – сағынарым,
Жабықсам – шағынарым.
Анашым, бір өзіңсің –
Табынарым.
Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең –
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды.
Анасы бар адамдар,
Ешқашан қартаймайды.
Ұшырған сұңқарыңмын,
Қияға шырқарыңмын.
Бәйгеге өзің қосқан,
Тұлпарыңмын.
Қайырмасы:
Қорғаным – өзің деймін,
Жан дауа – сөзің деймін.
Анашым, сені ойласам,
Көз ілмеймін...
Армандастар
Сөзі Н. Әлімқұлов
Әні Ә. Бейсеуов
Trio_Zheneshe-ay-Armandastar.mp3
Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.
Бәріміз де жазылмаған дастан едік,
Армандастар – құрдастар.
Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік.
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?
Арман қуған қиял қуған кезің қайда?
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?
Армандастар – құрдастар.
Қайырмасы:
Бәрің достар, әр тарапқа кеттіңдер ме?
Әлде, биік асулардан өттіңдер ме?
Әлде, игі армандарға жеттіңдер ме?
Қайдасыңдар құрдастар?
Көзімнің қарасы
Абай Құнанбаев
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
«Бар» демес сендей бір,
Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.
Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.
Атамекен
Сөзін жазған Қ. Мырзалиев
Әнін жазған Е. Хасанғалиев
Eskendir_Hasangaliev_-_Atameken.mp3
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем!
Қайырмасы:
Қайда жүрсең Атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, Айдың аппақ сәулесін,
Қазағымның махаббаты деп білем!
Қайырмасы:
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем!
«Қара жорға»
Әні халықтыкі, сөзін
жазған М.Тұрдақын, С.Қалиев
- «Қара жорға» болмаса,
Бидің сәні келе ме?
Бүрмелі көйлек кимесе,
Қыздың сәні келе ме?
Қозсын барлық делебе,
Қан тарасын денеге.
Қара жорға болмаса,
Тойдың сәні келе ме?
«Қара жорға» - «Сал күрең»
Тарихын біл алдымен.
Бабалардан жалғасқан,
Тағылымы бар білем.
Жорғалаған күй майда,
Бұған жетер би қайда?
Ойнаңыздар жамағат,
Билеңіздер мұндайда.
Биле, биле жігіттер,
Жанып тұрған үміттер.
Шыққанынша тоқтама,
Маңдайыңнан тұнық тер.
Биле қыздар бұралып,
Сауық-сайран құралық.
Сұлулардың көркіне,
Тамсанып біз тұралық.
Ал жігіттер қыраным,
Алашқа айтар ұраным.
Сендерсіңдер қорғаны,
Мынау байтақ мұраның.
Көк байрағым желбіреп,
Қуантыңдар елді тек.
Шашу шашсын әжелер,
Жүректері елжіреп.
Ғашық жандар тіл қатып,
Жүректерін жырлатып.
Қыз бен жігіт қосылып,
Билеу деген бір бақыт
Биле, биле, сұлуым,
Қандай ғажап күлуің.
Сыртылдасын саусағың,
Былқылдасын буының.
Сағындым Алматымды
Сөзі С.Оспанов
Әні А.Қоразбаев
Қосамын әнге атыңды
Тосамын әр хатыңды
Сағындым алма бағын
Арайлы Алматымды
Сағындым аққу үнді
Сағындым ақ гүлімді
Алматым, сайладың сен
Шабытты шаттығымды
Еске алу Көктөбені
Жаныма от береді
Алғашқы махаббатқа
Куәгер - Көктерегі
Әкелген бар бағымды
Сағындым таңдарыңды
Алматым, сені ойлаумен
Жалғадым арманымды
Қалайды жаным жырды
Болмайды әнім мұңды
Пәк көңіл, ақ жүректі
Достарым сағындырды
Аспаны астананың
Сағындым жастар әнін
Сағындым шыңдарыңды
Алатау - асқаралым!
Ғашықпын жауыныңа
Талпынған тау ұлына
Сағынып жетем саған
Бас мені бауырыңа!
Анаға сәлем
Сөзі О.Иманәлиев
Әні Е.Хасанғалиев
Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді
Қайырмасы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
Бөбегің оянса
Ұйқыңнан мың тұрдың
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың
Қайырмасы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
Аялап алақан
Әлпештен өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген
Қайырмасы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
Сырымды ұғатын
Өзіңсің қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын
Қайырмасы
Айналдым сенен, атамекен
Сөзі Ш. Сариев
Әні Ж. Тұяқбаев
Кең ДАЛАМ!
Толғанайын, толғайын,
ДОМБЫРАМ!
Қолға алайын, жырлайын,
Қазағымның даласындай!
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!
ТЕҢІЗДЕЙ!
Тебірендім, тербедің,
САПАРДА!
Сағынышым сен менің,
Дүние-ай сырларындай,
Мөлдіреп тұнғанындай,
Сағындым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!
Сағыныш мұңдарындай,
Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!
Бақыт тұнған күндер-ай!
Жұлдыз тамған түндер-ай!
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті,
Кімдер-ай!
АТАМЕКЕН-АЙ!
ҒАЖАП-АУ!
АТАМЕКЕН ғаламат,
БІР САҒАН!
Тағдырымыз аманат,
Қымбатты – даламыздай,
Сымбатты – анамыздай,
Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!
Арымдай – тірегімдей,
Жанымдай – жүрегімдей,
Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!
Арыс жағасында
Сөзі Мұхтар Шаханов
Әні Шәмші Қалдаяқов
Shamshi_Kaldayakov_-_Arys_zhagasynda.mp3
Өзіңмен Арыстың
Бойында таныстым.
Жайнаған гүлдей құрбым сен,
Жағада тұрдың сен.
Қайырмасы:
Жаз еді-күлкің де,
Қайдасың бұл күнде?!
Сені іздеп, арманым,
Сыр бойын шарладым.
Алдыңнан бір бақыт
Тұрғандай тіл қатып,
Толқынға қарап ойлана,
Қалып ең қол бұлғап.
Қайырмасы:
Нұр шашып көзіңнен
Бір нәзік сезіммен.
Жібектей шашың толқындап,
Қалып ең қол бұлғап.
Қайырмасы:
Кете ме осылай
Әніміз қосылмай?!
Аяулы таңым – сен едің,
Көрсем деп келемін!
Әнім сен едің
Сөзі Тұманбай Молдағалиев
Әні Шәмші Қалдаяқов
Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен
Бақыт көріп ем қара көзіңнен.
Кеттің ұмытып, мәңгі ұмыттың,
Жібін үздің ғой нәзік үміттің.
Тұрып қасында көрдім көктемді,
Сонау күндерден бүгін жоқ белгі.
Шамын басқа үйдің жақтың, аяулым,
Сендей бақытты қайдан табамын.
Әнім сен едің кешке салатын,
Содан жас жаным бақыт табатын.
Тағы келді ғой құстар ән салып,
Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып.
Аңсағаным
Сөзі А.Асылбеков
Әні Е.Хасанғалиев
Айтшы, жаным, қайда жүрсің, қайда?
Шақырады арман ару - май да
Қызғалдақты көктемім боп жайна
Аңсағаным
Қайырмасы:
Өзің деп білем
Өмірімнің гүлі
Асқарымда
Өзің деп білем
Көңілімнің күні
Аспанымда
Ақ дидарың ұқсап туған айға
Келші, құрбым, құшағыңды жай да
Жыр бағымда бұлбұлым боп сайра
Аңсағаным
Асыл арман" деп шырқалды әнің
Арманыңның сезіп жүрмін бәрін
Арайланып атар алтын таңың
Аңсағаным
Қайырмасы:
Өзің деп білем
Өмірімнің гүлі
Асқарымда
Өзің деп білем
Көңілімнің күні
Жас жанымда
Ғашық сырын ұқпайсың ғой, жаным
Кеудемде бір алаулайды жалын
Бір өзіңе арналады әнім
Аңсағаным
другие статьи
-
Құрым сары айғыр және сыншыл шолақ қасқыр
18 июля, 13:28 -
Джон Руми обратился к казахстанцам и спел песню на казахском
19 июля, 22:57