Слабовидящим
Поиск

Полезно знать

Ана туралы шығарма

28 февраля, 14:01

Ана — әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше. Гүлдің жайқалып өсуі үшін су мен ауа қаншалықты қажет болса, баланың дұрыс жетілуі үшін де ата-ананың қажеттігі басым.

Бізге жарық дүние сыйлаған анаға не сыйласа да аздық етеді. Меккеге жеті рет арқалап апарғанның өзінде қарызын өтей алмассың. Себебі ана сияқты бақытыңды ойлап, табаныңа кірген тікенді маңдайына кіргенін қалайтын адам жоқ. Шын бақытыңды ойлап, жанын құрбан етуге даяр жалғыз адам ол — ана. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалайықшы. Себебі адам өмірде «адам» болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек емес?!

Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек. Ғалымдар аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.

Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса, анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.

Дереккөз: massaget.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!