Новости и объявления
Қазақша «SÓILE»!
9 июня, 10:30Бүгінгі таңда Жамбыл облысының Қордай ауданында қазақ тілін оқыту курстарының саны артып келеді. Мұнда қазір 565 тыңдаушы оқиды. Қордайлықтардың қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы жоғары.

Сонымен қатар жергілікті өзге ұлт өкілдеріне қазақшаны тілдесу арқылы үйрету, ойын қазақша еркін жеткізе білуге жағдай жасау мақсатында «SÓILE» клубы құрылған болатын. Бұл орайда, ауданның Масанчи, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты, Бәйтерек және Қарасу ауылдарында ашық аспан астында «SÓILE» клубы ашылып, аталған шараға барлығы 200-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ TedX әдісімен аталған клубтың отырысы өтті.
Аталған ауылдарда клуб отырысы жазғы маусым кезінде ашық аспан астында апта сайын өткізіледі. Жыл соңына дейін қазақ тілін үйрету сабағына 1500 адамды тарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде, ауданда мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын орта қалыптасатын болады. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің Қордай ауданына жұмыс сапары барысында да Сортөбе ауылында болып, «SÓILE» клубының кезекті отырысына қатысқан еді. Әкім мұнда тыңдаушылармен сұхбаттасып, тіл – адамның ең негізгі байлығының бірі екенін, сонымен қатар қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде қолдану керектігін айтқан болатын. Қазіргі кезде Қордайда тұрғындарға қазақ тілін үйрету жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Жамбыл облысы
Дереккөз: egemen.kz
другие статьи
-
Отмечать День Абая как день казахской литературы предложил ректор
10 августа, 19:12 -
2021 жылды «мектеп кітапханасы» жылы деп атау ұсынылды
27 октября, 13:51 -
АБАЙДЫҢ БАРЛЫҚ ӘНДЕРІ МЕН КҮЙЛЕРІ
16 апреля, 13:50 -
Хакім Абай індетпен қалай күресті?
3 апреля, 0:54 -
Сыпырғыш. Шаңсорғыш. Электр қуатын есептегіш
3 октября, 22:07 -
Опубликован список грантов на 2020-2021 учебный год
25 мая, 20:04