Слушаем (песни с текстами)
Халық әндері
14 ноября, 19:42В духовной жизни казахского народа большое место отводилось певческому искусству. Песни были широко распространены в повседневной жизни.
Как отметил В. В. Радлов, исследователь духовной культуры народов Средней Азии, казахский народ "в своих песнях показывает не сказочный мир, а воспевает свою жизнь".
Бір бала
Талдан таяқ жас бала таянбайды,
Бала бүркіт түлкіден аянбайды.
Қайырмасы:
Угәй-әй,
Ән салшы-ай,
Бір бала-ай.
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.
Елдің көркі, ақ тоты бір баласын,
Қай дұшпан көзі қиып жамандайды?
Қайырмасы:
Айналайын қарағым келдің қайдан?
Алма мойын, ала үйрек ұшар сайдан.
Қайырмасы:
Мекеніңді қарағым айтып қойшы,
Жат болмағы адамның осындайдан.
Қайырмасы:
***
Келінжан
Автор: Халық әндері
Композитор: Халық әндері
Құтты болсын, келінім, аяғынан,
Осы еді ғой күткенім баяғыдан!
Мал-мүлкіңе ие бол арнап жиған,
Өсекшілдің сақ болғын саяғынан.
Қайырмасы:
Асқар белім, шалқар көлім, келінжан,
Қуанышым, жігер күшім, келінжан!
Келін келді дегенде қуанғаным,
Үш ұмтылып орнымнан тұра алмадым.
Қосағыңмен қоса ағар, бақытты бол,
Құттықтаймын басыңнаң құралғанын!
Қайырмасы:
***
Құдаша
Келші, келші, бермен келші, құдаша,
Бір сөз айтам көңіліңе ұнаса.
«Кетші әрі» деп ұрса ма деп зәрем жоқ,
Не де болса шығып кетші оңаша.
Дедім-дағы қысып қалдым көзімді,
Жерге тастап кете ме деп сөзімді,
Елжіреген жас жүректе зәре жоқ,
Сабыр ет деп тоқтатамын өзімді.
***
Гауһар тас
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай!
Қайырмасы:
Беу-беу гауһар тас.
Құсни, құрдас,
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас.
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл гәріс белін буған.
Қайырмасы:
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп, шаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.
***
Қоғалы
Бозбеткейлі-ай, ендеше, бозбеткейлі-ай, ахау,
Бозбеткейден, ендеше, мал кетпейді-ай.
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын соғады-ай.
Шөбі жұмсақ, шаруа, шөбі шүйгін, ахау,
Бағланына мыңғырған жер жетпейді.
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын соғады-ай.
Маусым, мамыр-ай болғанда, маусым, мамыр-ахау,
Мал құдықтан су ішер абыр-сабыр-ай.
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын соғар-ай.
Самал соқса қызылдан ақ дауылмен, ахау,
Күн қызады, жер бусап жасыл адыр-ай.
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын соғады-ай.
***
Гүл-гүл жайна
Келдік біздер, ендеше, келдік біздер,
Көріскенім, көргенім, есенсіздер-ай.
Кішкентайдан бірге өскен бала едіңдер,
Қыз-жігіттей бұралып өсіпсіздер.
Қайырмасы:
Қыздарда да қыздар бар,
Жарылмаған қауындай.
Жігітте де жігіт бар,
Базар тонның бауындай.
Е-е-ей, гүл-гүл жайна,
Күл де ойна,
Қыз-бозбала шағыңда.
Көк өрікті, ендеше, көк өрікті,
Көк өріктің сабағы көгеріпті.
Оралыңның барында ойна да күл,
Ойнамаған, күлмеген не көріпті.
Қайырмасы:
***
Еркем-ай
Айт дегенде өлеңді аңырамаймын,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.
Қайырмасы:
Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.
Қайда жүрсем жақсының жанындамын,
Іздегенмен жаманға табылмаймын.
Қайырмасы:
Әншілердің серігі домбыра ма?!
Тарта берсең, домбыра болдыра ма?!
Қайырмасы:
Домбыраны баппенен қолға алып,
Шарықтата әнге сал оң бұра да.
Қайырмасы:
Еркем-ай,
Бүгінгі күнің тамаша,
Ертең бұдан көркем-ай,
Еркем-ай,
Бүгін болған тамаша,
Болсын тағы ертең-ай.
***
Қамажай
Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі?
Қайырмасы:
Ахау, хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
Қолында Қамажайдың алтын жүзік,
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп?!
Көрмесе жарты сағат тұра алмаушы ед,
Апырмай, кетті ме екен күдер үзіп?
Қайырмасы:
Ертістің жағалауын жағалймын,
Мұз болса, көк бестіні тағалаймын.
Үш топтан таңдап алған, Қамажайым,
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын.
Қайырмасы:
Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе,
Мойнына үкі-тұмар тағып жүрсе.
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп,
Аулына Қамажайдың барып жүрсе.
Қайырмасы:
***
Жайдарман
Көрінсеңші көзіме егіндей боп,
Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп.
Қайырмасы:
Жайдарман, қара көз,
Жақсын, құрбым, майдай сөз.
Аңсап, шаршап алыстан келгенімде,
Жан көрінбес көзіме өзіңдей боп.
Қайырмасы:
Айналайын, көзіңнің қарасынан,
Хат жазамын қасыңның арасынан.
Қайырмасы:
Күндіз-түні аулыңнан шықпас едім,
Мен қорқамын дұшпанның табасынан.
Қайырмасы:
Жайдарман, жақын кел,
Жан жар етем, қолың бер
другие статьи
-
В ТЕАТРАХ ГОРОДА / ҚАЛА ТЕАТРЛАРЫНДА
7 сентября, 20:18 -
«INTELLECTUALDY ULT» ЖОБАСЫ ҚАНДАЙ ЖОБА?
13 октября, 14:53 -
Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
22 марта, 17:25 -
Ғибратты әңгімелер: "БІР ТУҒАНДАР"
3 октября, 22:04 -
Казахский язык — бесплатно??
21 декабря, 22:13 -
Гүлфар Мамырбек: Жетілдірілген әліпби жобасында W таңбасы жоқ
11 апреля, 1:39