Читаем
Қу түлкі ертегісі
26 июля, 13:44
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
- Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
- Мүмкін емес,— дейді.
- Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
- Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?-деп мақтанады.
- Я, сен шынында да айбарлы екенсің,- деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
другие статьи
-
Мұқағали Мақатаев - Түнгі Алматы
6 ноября, 13:06 -
«ӘЛІППЕНІҢ» ӘЛЕГІ
6 августа, 21:09 -
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ / УСЛУГИ
3 октября, 20:53 -
Сөздік:«solution» немесе «decision»
5 ноября, 11:10 -
Латыннегізді қазақ әліпбиі: Тіл мамандарының ортақ шешімі
18 февраля, 18:26