Слабовидящим
Поиск

Читаем

ЖЕТІ АТАСЫН БІЛМЕГЕН ЖЕТЕСIЗ...

2 октября, 9:50

 


«Қазақтың шежіресі - қан мен сүт тарихы. Жетпіс жеті пұстысынан жеті атасына дейін білген, үш жұртын - өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұртын таныған қазақ баласы қай ғасырданда текті еді.

Жетелі еді, көргенді еді. «Жеті атасын білмегенді жетесіз» дейді жұрт.
«Жігіттің жақсы болмағы нағашысынан» дейді жұрт. «Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады, күндердің күні болғанда бір аяқ асқа алғысыз» дейді тағы да.
«Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» дейді.
Осы текке қатысты қазақ білмеген, қазақ айтпаған дүние бар ма өзі?! Қазақтың сезбегені, түйсінбегені бар ма?!

Әкеден атаға, одан әз атаға, одан бабаға, одан тектікке, одан төркінге, одан тұқиянға дейін жатқа айтатын, баладан немере, шөбере, шөпшек, өбере, туажат, жүрежат, жекжат, жұрағат, жамағатқа дейін бірін-бірі көрер көзге танитын, өркеннен әулетке, одан зәузатқа, одан жаранға, одан қалыс ағайынға дейінгіні батасына қосқан қазақ баласы кімнен кем еді.

Астанада «Шешендік өнер орталығында» қызықты отырыс өтті. Ресейде, Екатеринбург қаласында «Академия Родологии» атты академия жұмыс жасайды. Мұның президенті - ақын, профессор Валерий Васильевич Докучаев деген кісі және оның жары, профессор Лариса Николаевна Докучаева.
Осы профессорлар Ресейдің бірнеше қаласында және Қазақстанда, Украинада осы Тектану мәселелері бойынша жұмыс жасайды. Өзіңнің тегіңді білу, оның заңдылықтарын жақсы түсіну, өзіңнің жеке адами қасиеттеріңнің артықшылықтары мен әулетіңнің даму-тарау мәселесін ұғыну, Тек қуатын қолдана білу және өзіңнің, тағы да әулетіңнің дамуына үлес қосу, сондай-ақ шежіре мен текті сақтау мен ұрпаққа аманат ету бағытында әрекет етеді.
Олар Астанаға келді. Екі айда бір келіп тұрады екен. Кез келген нәрсе салыстыру арқылы танылады емес пе?! Аталған мамандардың бір-екі ауыз пікірін, көзқарасын қағазға түсіріп, көзі қарақты оқырманға ұсынуды жөн санадық:
- Ұрпақтан ұрпаққа не беріледі? Біздің идеологиялық (КСРО) жүйе бізге «ұрпақтан ұрпаққа физиологиялық ерекшеліктер ғана беріледі, ал қалғаны жүре қалыптасады» деп үйретті. Расында ол солай ма еді?
Мысалы, сіздерде, қазақ халқында тек, ата-баба рухы, шежіре секілді мәселелер отбасында үйретіліп, атадан балаға жүйелі, дәстүрлі түрде беріліп, аманат етіліп отырған.

Ал Батыста бұл таным басқаша қалыптасты. Біздің айналыстатын Тектану (Родология) ілімі барды жаңғырту, жоқты табуды көздейді. Яғни ұрпақтан ұрпаққа психо-физиологиялық ерекшеліктермен қатар, мінез-құлық ерекшеліктері, әдет-қылықтар, дүниетаным мен ойлау жүйесі, яғни тәрбие арқылы ғана емес тұқым қуалау арқылы берілетін барлық қасиеттер мен ерекшеліктерді зерттейді.

Сіздердің және біздің мәдениетте ата-ана осы генетикалық ерекшеліктерді жақсы түсінеді. Ал еуропалық мәдениетте тек туралы түсінік жоқ. Оларда тек қана отбасы (фемили) ұғымы бар. Сондықтан да біз белгілі бір үдерістерге қарсы тұрып, ұлттық құндылықтарымызда сақтап қалу үшін және оның артықшылықтарын ұрпаққа үйрету үшін осы тек мәселесімен айналысып, оны «Тектану» деп атадық.

Тек туралы ілім, тектану академиясын құрдық. Соның аясында Халықаралық тек мәдениеті мектебінің іргетасын қаладық. Міне, 17 жыл бойы осы іліммен айналысып келеміз. Ал біздің академияның Қазақстанға қызығушылығы - қазақ ұлтында тек мәселесінің сүйекке сіңгендігінен туындап отыр.
Мейлі ол ұлтаралық тәжірибе алмасу болсын, мейлі ол ұрпақтарды жақындастыру болсын, бірақ мұнда біз қазақ баласына үйрете алмаймыз, жай ғана осы өзінде бар артықшылықтарға үйірсек етуді мақсат тұтамыз. Неге?

Өйткені бұрынғы Кеңестік Одақта өмір сүрген халықтардың революция мен Одақ құлағанға дейінгі тарихы ортақ. Ортақ тарих бізге ортақ мәселелерді қалдырды. Мысалы, репрессия мен ашаршылық, соғыс пен атом бомбасының зардаптары секілді зұлматтар сол кезеңдегі ұрпақтың басын жұтып қана қойған жоқ, одан кейінгі өмірге келген ұрпақтарға да зардабын тигізіп отыр.
Мысалы, бүгінгі ұрпақ өз басында туындаған көптеген аурулардың, агрессия мен депрессияның, тұйықтық пен оқшауланудың, тіл мен дінді ұмыту себептерін, рухсыздық пен тарихи зердесіздіктің себептерін түсіне алмайды.
Тіпті, бұлардың қайдан келгенін де ойланбайды. Ал барлық мәселе осы текте жатыр. Ата-баба бойындағы барлық қиыншылықтар мен қарғыстар, күнәлар мен дерттер ұрпаққа айналып келіп соғуда.

Қарапайым ғана мысал келтірелік. Егер сіздің атаңыз 18 жасында соғысқа қатысқан болса, сізде дәл сол 18 бен 20 жас аралығында ерекше бір агрессия болады. Сіздің қолыңызға қару ұстағыңыз келеді. Адамдарға деген кектенушілік және өзгелерді жау көрушілік сезіле бастайды.
Оның себебі тағы да сол, сіздің атаңыздың сол жаста сол сезімдерді кешіргендігі.
Тек мәдениетін білу, дұрыс түсіну сізге тамырды сезінуді, кез келген мәселені түп-төркінінен қарастыруды үйретеді. Ал тегін жоғалтқан әулеттің ұрпағы өзінің отбасын да жоғалтады. Бұл - нақты статистикалық дерек.
Яғни репрессия кезінде атаның айдауға кетуі, яғни отбасынан ажырауы, ұрпағында белгі береді. Дәл сол атасының айдауға кеткен жасында оның ұрпағы да отбасынан кетуге бейім келеді.

Өйткені ол оның түпкі себебін түсінбейді. Түсінсе, ол соған қарсы, яғни қандағы қасіретке қарсы күресер еді. Бұл бір ұрпаққа дейін емес, бірнеше ұрпаққа дейін, мұны саналы түрде тоқтатқанға дейін жалғаса береді.
Әулеттегі бір ер адамның кетуі, басқа да сол әулеттің ер адамдарының кетуіне алып келіп соғады.
Яғни «Кетуге бейімділік моделі» қалыптасады.
Сол кезеңде ер адамдар айдауға я болмаса соғысқа кеткен болса, бүгінгі жағдайда ұрпақтың отбасынан кетуіне, белгілі бір істі тастап кетуіне, туысқандардан кетуіне итермелейді.
Тіпті, нашақорлық пен ішімдікке, қылмысқа итермелейді. Әйтеуір бір қалыпты нормадан кетуі керек болады. Бізде және біздің еуропалық әріптестерімізде «Ата-бабалар синдромы» деген жаңа ұғым пайда болды.
Бұл - жоғарыда атап өткеніміздей, аталардың белгілі бір уақытта, белгілі бір жасында кешкен жағдайы ұрпақтар үшін «сынамалы кезеңге» айналады.

Атасы 45 жасында өмірден өтсе, 45 жас немересі үшін сынамалы кезең.
Бұл немересі де сол жасында өледі деген сөз емес, сол жаста немере басында белгілі бір қиындықтар туады.
Біз жұмыс жасайтын көптеген отбасыларда осы жағдайларды байқадық. Қазақтарда «мүшел жас» деген ұғым бар емес пе, осы мүшелмен атасының басына жағдай туған жас сәйкесіп жаста, бұл тіпті қиындықтар тудырады.

Ал өз тегінің арғы-бергі тарихы мен әулет басынан кешірген жағдаяттарды жетік білген адам бұлардың алдын алуға қабілетті келеді.
Біздің Астана қаласындағы өкіліміз - Әлия Сағымбаева айналыстатын тағы бір мәселе бар. Ол белсіздік және бедеулік мәселелері. «Психологиялық бедеулік» деген ұғым бар. Ананың немесе ер адамның тәні сау, бірақ өмірге ұрпақ алып келе алмайды.

Қалайша?
Мұның тамыры тереңде жатыр.
Арғы ата-аналарда өмірге келген сәбидің ерте шетінеуі, кейінгі ұрпақ бойында бейсаналы түрде үрей туғызады.
Ұрпақ оны түсіне алмайды. Былайша еш қорқыныш жоқ секілді, тіпті, олар ата-бабалар өмірінде болған ол қасіреттен бейхабар болуы да мүмкін. Бірақ қан бойынша келетін үрей болады. Сол үрей мен қорқыныш ананың өмірге бала алып келуін тежеп отырады.
Ол тағы да баланың жынысына қатысты мәселеде маман.

Мысалы, оның аңғаруында, Құдайдан ұл сұрап, қыз туылған жағдайда, кейін сол қыз бала өзін кінәлі сезінетін болады. Тіпті, «еркек шоралық» пен «қызтекелік» секілді күрделі құбылыстардың өзі осындайдан тууы ғажап емес.
Мәселен, отбасы қалай құрылады? Бір әулеттің бойында бар қасиеттер сол қасиеттер жоқ және оның есесіне өзінде жоқ, бірақ басқа әулетте бар әулеттерді өзіне тартады. Дәл бір табиғаттың өзіндегідей.

Содан кейін екі әулет арасындағы үйлесім пайда болады. Ал олай болмаған, отбасылар кездейсоқ құрылған жағдайда олардан туылған ұрпақ ата мен ана бойындағы қарама-қайшылықтарды қабылдай алмай, қай жағына, яғни өз жұрты немесе нағашы жұртының біріне қарай ауып кетеді.
Біріне ғана ауып кеткен жағдайда, ол міндетті түрде өзінің ішкі қайшылықтарына тәуелді болып шығады. Неге десеңіз, оған көмектесе алатын күш - тек қуаты қарсы жақтағы әулетте қалып кетуі мүмкін.

Бізде, Ресейде бұл Тектану ілімі, әсіресе, отбасылық дәрігерлер үшін аса маңызды болып отыр. Медицина қауқарсыз болатын дерттердің түбін тану, оның пайда болуы себебін түсінуге Тектану ілімінің көмектескен жағдайлары аз емес.

Башқұртстанда «Шежіре» атты ресми мереке бар. Ол жақтың дәрігерлері шежірені танудың кез келген шетін аурулардың себебін білуге көмектесетінін жақсы біледі. Түркі халықтарында, әсіресе, қазақ халқында тек мәселесінің, шежіренің мыңжылдықтарға кететін тарихы бар.
Психологтар мен педагогтар, дәрігерлер үшін осы тек мәселесін жаңғырту, оның жете танудың ұлт саулығы үшін алып келер пайдасы ұшан-теңіз. Өзінің ата тегін білетін ұрпақ «Тек қуатын» өзінің игілігіне жұмсай алады. Әркім өз тегімен мақтануы керек».


Ерлан ЖҮНІС.
«Айқын» газеті,
12 сәуір 2012 жыл.

 

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!