Читаем
Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан
18 сентября, 11:06Бұл еңбек қазақ тілі тарихының келелі мәселелерінің бірі есімдіктердің тарихына арналған. Ол, негізінде, көне түрік ескерткіштерінің тілдік материалдары мен қазіргі туысқан түрік тілдерінің қажетті жерде моңғол және манжұр-тұнғыс тілдерінің материалдары мен заңдылықтарына сүйене отырып, салыстырма-тарихи метод жүйесімен жазылған.
Онда есімдіктердің құрылымында кездесетін ерекше тілдік элементтер мен олардың пайда болу және өзгерістерге ену заңдылықтары түгел қамтылып сөз етілген. Жұмыс қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктердің шығу тегі, олардың қандай заңдьілықтар арқылы дамып жетілуі жөнінде толық мәлімет береді.
Кітап ғылыми қызметкерлер мен жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінің оқытушылары және студенттеріне, сол сияқты грамматикалық категориялар тарихымен қызығушы мамандар мен оқушы көпшілікке арналған.
другие статьи
-
Қазақша сөйлейік: Пять полезных ресурсов для изучения казахского языка
22 августа, 11:24 -
«Soyle.kz» - Сөйле означает «говори»
22 мая, 16:28 -
«Наннан ауыз тиіңіз…» материал к 23 уроку
29 марта, 18:30 -
Бекболат Тілеухан: Қазақ тілінің Қазақстаннан басқа барар жері жоқ
24 апреля, 14:38 -
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер
1 августа, 21:34
